кант диабетінің алдын алу

Бүгін біздің емхананың әлеуметтік қызметкерлері мен психологтары Психологиялық сүйемелдеу қызметіне барып қайтты.

Психологиялық сүйемелдеу қызметі Астана қаласында жұмыс істейді және отбасыларға тегін негізде психологиялық, заңдық және әлеуметтік қызметтер көрсетеді.
Орталықтың басты мақсаты қала аумағында тұратын отбасылардың жағдайын жақсарту юолып табылады.

Экскурсия барысында мамандар өз тәжірибелерімен бөлісіп, жаңа өзекті ақпараттармен алмасты.

Аталған іс-шараны ұйымдастырғаны үшін әріптестерімізге алғысымызды білдіреміз!

Екпенің адам ағзасына маңыздылығы

 Екпе(Вакцина)-микроорганизмдерден (бактерия, вирус,т.б.) алынып, адам мен жануарлар организміне жұқпалы аурулардан алдын ала сақтану және олардың иммундық қасиетін арттыру үшін егілетін препараттар. Екпені, барлық техникалық ережелерді білетін, жоғары және орта медициналық білімі бар, арнайы оқытылған медициналық қызметкер енгізеді. Екпенің дұрыс сақталуы бақыланады. Ал профилактикалық егуді ұйымдастыру және мамандарды даярлаумен медициналық ұйымдардың басшылары айналысады.

             Екпенің жоспарлы және профилактикалық мақсатта салынатын түрлері бар. ҚР Үкіметінің «Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қаулысы негізінде Ұлттық егу күнтізбесі бекітілген. Осы Ұлттық күнтізбеге сәйкес, сәби туылғаннан бастап өмір бойына жоспарлы екпе салынады. Перзентханада дүниеге келгеннен 12 сағат ішінде вирусты гепатит В ауруына қарсы, одан соң 3-4 күн ішінде туберкулезге қарсы екпе салынады. Одан әрі Ұлттық күнтізбеге сәйкес, 2, 3, 4 айлығында, 1 жасында, 18 айында және 6 жасында, содан кейін 16 жасында және әр 10 жыл сайын екпе салынып отырады.

Балалардың жарақат алуының алдын алу

Дүниеге келген сәби – әр адамның өміріндегі ең қымбат жан. Барлығымыз бала болдық, ата-анамыздың арқасында ер жетіп, аман - есен өмір сүрудеміз. Ал қазір, басты міндет, ол балаларымыздың дені сау болып, дұрыс азамат болып жетуіне қажетті жағдай жасау. Әрбір отбасында сәби дүниеге келгенде, үй базарлы болып, балалар шулап, жүгіріп, ал жүгірген бала құлап, жарақат алуы мүмкін. Осындай жағдай күн сайын болып тұрады.

Жарақат – бұл бір сәтте, кенеттен, адам ағзасына әртүрлі сыртқы жағдайлардан әсер ету, бұл әсер адамның дене құрылымына, тіндерінің анатомиялық тұтастығына және дене қызметіне зақым келтіреді. Балалар жарақаттарының бірнеше түрі бар: тұрмыстық (ең кең таралған түрі), далалық (көлікте, немесе көлікте емес), спорттық, мектептік және басқасы. Жарақаттардан ешкім алдын ала сақтана алмайды, сондықтан балалық шақта алған жарақаттар денсаулыққа күрделі, әрі ауыр нұқсан келтіреді.

Атеросклероз дегеніміз

 

Атеросклероз дегеніміз - артерияның ішкі қабатында холестериннің қалдықтарынан құралған түйіндердің тұрып қалуынан пайда болатын артерияның созылмалы ауруы. Біраз уақыт өткеннен кейін сол түйін маңында дәнекер тін өсіп (склероз) және кальцийдің сіңбеленуінен тамыр қуысының толық бітелуі жүреді, ал бұл өз кезегінде осы артериямен қанданып тұрған мүшенің қан айналым жеткіліксіздігіне әкеледі. Осы қан айналым жеткіліксіздігі ұзақ уақытқа созылатын болса мүшеде гангрена, некроз дамуы мүмкін. Атеросклероз еркектерде 50-60 жас шамасында, әйелдерде 60 жастан жоғары мерзімде көбірек кездеседі.

Атеросклероз дамуына алып келетін қауіп факторлары. Жүре пайда болған қауіп факторлы мыналар:

· Темекі тарту

· Артық салмақ