Инфекциялық аурулардың алдын алуға бағытталған иммунопрофилактика денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың иммунді профилактика медицинасының анағұрлым тиімді түрі болып табылады.
Вакциналық профилактиканың арқасында полиомиелитті, дифтерия ауруын, қызылшаны жоюда жағдайды ең төмен бірлікке дейін төмендетумен, маусымдық тымауды төмендетумен жетістіктерге қол жеткіздік. Ересектер арасында аурудың жоғары екеніне қарамастан, балалардың туберкулезбен ауыруын арттыруға жол бермеуге қол жеткізілді. В гепатитінің вакцинапрофилактикасындағы табыстар инфекцияларды тарату жөніндегі мәселелерді қысқартуға және алдағы уақытта оларды жою мәселесін қоюға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасында егулер профилактикалық егулердің ұлттық күнтізбесіне сәйкес жүргізіледі. Ол баланың белгілі бір жасында гепатит В, дифтерия, көкжөтел, қызамық, қызылша, полиомиелит, столбняк, туберкулез, эпидемиялық паротит, гемофильді инфекция, тымауға қарсы егулерін жүргізуді қарастырады. Иммунді профилактика сапасын бағалау белгілері иммундаудың, соның ішінде егілгендердің қауіпсіздігі болып табылады.
Егулер емхананың егу кабинеттерінде, білім беру мекмелеріндегі медициналық кабинеттерде жүргізіледі.
Егулер жасөспірімнің заңды өкілінің келісімімен жүргізіледі. Егуден бас тартуға келісу немесе бас тарту жазбаша түрде рәсімделеді.
Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-ІҮ "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Кодекстің 148 б. 1 т. сәйкес инфекциялық ауруларға қарсы егу эпидемия тудырушы және туындайтын айналманы тоқтату мақсатында егулер тек егілушіге ғана емес, барлық қоғам мүддесі үшін жүргізілетіндіктен, тұрғындар үшін міндетті болып табылады.
Жүктілік – табиғаттың керемет сыйы! Анасының және әкесінің кішкентай көшірмесі жарық дүние есігін ашады. Барлық 9 ай бойы жүрегінің түбінде өзінің ғажайып жаратылысын қорқынышпен және үмітпен сақтаған адам ғана жүктііліктің шын мәнінде не екенін бағалай алады! Ұлын, қызын, бәлкім тіпті егіздерді! Әсіресе, жүктілік көптен күткен, сәбиге деген сезімдер жүктітілігіңіз туралы білгенге дейін болса, тіпті қуаныш, сондықтан жүктілікпен құттықтау – бұл, болашақ ата-аналарға күмәнсіз дұрыс белгі. Бұл аталар мен әжелер үшін үлкен қуаныш! Көптен күткен немерелер!
Апталар бойынша жүктіліктің триместрлері
Негізі жүктіліктің барлық кезеңі шартты түрде триместрлерге бөлінетінін әрбір болашақ ана біледі. Осылайша, дәрігерлерге де, жүкті әйелдің өзіне де ыңғайлы, себебі триместрдің әр кезеңінің өз ерекшелігі бар. Дегенмен, жүктіліктің апталар бойынша триместрлері қалайша бөлінетіні барлық жүкті әйел біле бермейді.
Алдымен, жүктіліктің акушерлік күнтізбесінің барлық апталарының үш триместрге бөлінуінің бірнеше түрі барын атап өткен жөн.
Бір мамандардың айтуынша, алғашқы триместр - 12 аптада, кейбіреулердің мәлімдеуінше – 13 аптада аяқталады. Екінші триместрдің аяқталу уақыты және үшінші кезеңнің басталуы бойынша да келіспеушіліктер бар. Соған қарамастан, жүктіліктің акушерлік барлық 40 аптасы теңдей үш бөлікке бөлінеді.
Медициналық жедел жәрдем (МЖЖ) «103» қала нөмірі бойынша төмендегідей жағдайларда шақырылады:
1)Қайғылы оқиға, жарақат немесе улану;
2)Науқастың немесе айналасындағы адамдардың өміріне айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін аурудың асқынуы;
3)Босану немесе жүктіліктің асқынуы;
4)Жіті қантамыр синдромы
Мұндай жағдайларда медициналық жедел жәрдем қызметіне (МЖЖҚ) тез хабарласыңыз!
Ескерту: бұдан басқа, бастапқы медико-санитарлық көмек мамандарының өтініші бойынша МЖЖҚ қызметкерлері шұғыл госпиталдауды қажет ететін пациентті тасымалдауды жүзеге асырады.
Медициналық жедел жәрдем Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетел азаматтарына және аумақтағы азаматтығы жоқ тұлғаларға тегін қызмет көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 «Қарсы профилактикалық егу
жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін және халықтың жоспарлы
егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы» Қаулысымен бекітілді
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 Қаулысы
Қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесін, оларды жүргізу ережесін
және халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтарын бекіту туралы
(29.06.2010 ж. өзгерістерімен және толықтыруларымен)
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексіне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) қарсы профилактикалық егу жүргізілетін аурулардың тізбесі;
2) Профилактикалық егу жүргізу ережесі;
3) халықтың жоспарлы егілуге жатқызылатын топтары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері:
1) егу жүргізу ережесі мен мерзімдеріне сәйкес халықтың профилактикалық егу алуын;
2) медициналық ұйымдары жоқ елді мекендерде тұратын халықты вакцинациялау мақсатында жылжымалы егу бригадаларының жұмыс істеуін қамтамасыз етсін.
3. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Халықты жұқпалы ауруларға қарсы вакциналауды жақсарту жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 21-22, 216-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы № 1250 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 515-құжат);
3) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 23 мамырдағы № 488 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 22 қаңтардағы № 40 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 1, 19-құжат).
4. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 қаулысымен бекітілген