6 сынып оқушылары арасында «Эстетикалық тәрбие» тақырыбында сабақ өтті

22.12.17 ж. №29 ОМ базасында 6 сынып оқушылары арасында «Эстетикалық тәрбие» тақырыбында сабақ өтті.

Эстетикалық тәрбиенің басты мақсаты адам бойында эстетикалық мәдениетті қалыптастыру.

Эстетикалық мәдениетке төмендегілер жатады:

Түсіну — бұл оның кез келген көрінісінен кереметті көру қабілеті: табиғатта, өнерде, жеке қарым-қатыснаста.

«№11 қалалық емхана» қызметкерлері рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмек алуына өз үлестерын қосты

2017 жылдың 16-19 желтоқсан күндері Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы салауатты өмір салтын қалыптастыру Орталығымен бірге "Гиппократ" дәріxанасында дәрі-дәрмек алуға келген жеңіл санаттағы азаматтардың үлкен кезекте тұруын болдырмас үшін ұйымдастырылған іс-шараға белсенді қатысып, дәрі-дәрмек тарату жұмысын тездетті. 

Сонымен қатар «№11 қалалық емхана» қызметкерлері белсенділік танытып және науқастарға рецепт бойынша тегін дәрі-дәрмек алуына өз үлестерын қосты.

Тәуелсіздік күні қарсаңында

15.12.2017 жылы Тәуелсіздік күні қарсаңында, Железнодорожный тұрғын алабында, Астана қаласы Алматы ауданының әкімі Сарсембаев А.З.мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық және мәденибұқаралық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаланы тапсырды.

Салтанатты жиын барысында Сарсембаев А.З. барлық қатысушыларды келе жатқан мерекемен құттықтап, елорданың және еліміздің игілігі жолында жауапкершілікпен және табысты еңбек еткендері үшін баршаға алғысын білдірді. Марапатталған арасында ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК бас дәрігері Сағандықов Жаңалық Карипуллаұлы болды. Бас дәрігер тұрғындарға сапалы медициналық қызмет көрсетуге ат салысқаны үшін Алғыс хат тапсырылды. Құттықтаймыз!

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды

Бүгін 15.12.2017 жылы ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне арналған салтанатты шара ұйымдастырылды. Бас дәрігердің ана мен бала өмірін қорғау жөніндегі орынбасары Е.Т.Мусенов құттықтау сөз сөйледі.  

Денсаулық сақтау басқармасы басшысының атынан көптеген қызметкерлерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына байланысты емханадағы, денсаулық сақтау саласындағы ерен еңбегі  үшін Құрмет грамоталары тапсырылды.

«Ұжымның бірігуі» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Бүгін 15.12.2017 жылы ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-ге тіркелген №22 орта мектепте психолог Нұрғожина Б.С.  «Ұжымның бірігуі» тақырыбында оқушылар арасында семинар-тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты – ұжымның бірлесуі және балалардың өздеріне баға беруін арттыру.

Ұжымда жайлы жағдай орнату – бұл кез келген ортақ істе табысқа жетудің бірден-бір көрсеткіші. Психологиялық жайлылықтың бірлескен еңбек нәтижесіне тигізетін әсері орасан зор.  Әрбір оқушы өзінше жеке тұлға. Оның оқу үдерісіне өз көзқарасы, өз ойы бар. Оқу қызметінде нәтижелерге қол жеткізу үшін олардың әрқайсының жеке ерекшеліктеріне көңіл бөлу керек. Сондықтан, әр баланың жеке ерекшелігіне көңіл бөлу, онымен санасу басты мақсат болып табылады.