Құрметті емделушілер

Құрметті емделушілер біз сіздерге ДЗ мен ММБ ҚР денсаулық сақтау министрлігінің 29 тамыз 2017 жылғы №666 қаулысы бойынша «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу тізімдерін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Астана қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-да босатылатынын хабарлаймыз! «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағы 83-1) тармақшасына сәйкес СК-Фармациямен бізде келісімдер жүргізіліп жатыр және де товардың келгенін күтудеміз. ДЗ мен ММБ ақпан айының басында келеді.

Қазіргі қолда бар ДЗ тізімі: 

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ортылығынан алғыс хат

Салауатты өмір салтын қалыптастыру ұлттық саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін біздің қызметкеріміз марапатталды.

Қызметкерлерді келе жатқан 2018 жылмен құттықтау!

29 желтоқсан күні сағат 11.00-де ШЖҚ «№11қалалық емхана» МКК-де Жаңа жылға арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.

Бас дәрігер Сағандықов Ж.К. құттықтау сөз сөйлеп, барлық қызметкерлерге денсаулық, бақыт, береке-бірлік, табыстар, мақсаттардың орындалуын тіледі.

Сондай-ақ, сол күні сағат 14:00-де ұйым қызметкерлеріне арналған жаңажылдық ертеңгілік өтті. 

Вакцинация сұрақтары бойынша қауырт желі жұмысы туралы

2018 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасында медицина қызметкерлері және ата-аналарға вакцинациялау сұрақтарына жауап және кеңес беру мақсатында «қауырт желі» өз жұмысын бастайды.

Сіздер 8-8000-700-830  телефон номеріне кез келген қалалық немесе ұялы телефон нөмірлерінен ақысыз қоңырау соға аласыз.

8.00-ден 20.00 сағатқа дейінгі Сіздердің вакцинация туралы сұрақтарыңызға біздің жоғары санатты невролог, аллерголог, педиатр және эпидемиолог мамандары жауап береді.

Көрсетілген уақыттан тыс түскен қоңырауларға мамандарымыз міндетті түрде қысқа уақытта өздері хабарласады.

№22 ОМ базасында 5 сынып оқушылары арасында «Психология әлемі» онкүндігі аясында тақырыптық сабақтар ұйымдастырылды

26.12.17ж. №22 ОМ базасында 5 сынып оқушылары арасында «Психология әлемі» онкүндігі аясында тақырыптық сабақтар ұйымдастырылды.

Тақырыбы: «Тілдесу, тілдесудің түрлері» «Эмоциялар және сезім»

"Тілдесу" – бұл тілдеруге қатысушылардың бір-бірімен ақпарат алмасып қана қоймай, бір-біріне өздерінің эмоцияларын, сезімдерін, бағалауын, тілдесуге қатысты не айтып жатқандары туралы бір-біріне қарым-қатынасын білдіруі және т.б., яғни адамдардың өзара әрекеті.

1) Тура (тікелей) – сөз бен іс-қимыл арқылы берілетін табиғи байланыс.