Бүгін «Босануға дайындық мектебінің және отбасын жоспарлау кабинетінің» ресми ашылу өтті

Бүгін «11 Қалалық емхананың» бас дәрігері Сағандықов Жаңалық Қариполлаұлы Қазақстан ұлттық телеарнасына «Босануға дайындық мектебінің және отбасын жоспарлау кабинетінің» ресми ашылуына қатысты сұхбат берді.

«Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016– 2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасында  сенімді әлеуметтік кепілдіктер отбасын, ана мен баланы мемлекеттік қолдаудың тұтас жүйесін құруға алып келетіні жөнінде айтылған. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында атап көрсеткендей, отбасын жоспарлау, ана мен бала денсаулығын жақсарту мемлекеттік қолдаудың тұтас жүйесін құруға алып келді.

Қазақстандықтар МӘМС төлемдерін онлайн тәртіпте тексере алады

Аталған мемлекеттік қызмет қазақстандықтар үшін биыл қолжетімді болады. Бұл жаңалық міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту шеңберінде іске асырылады. Қызмет «электронды үкімет» порталында және Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қолжетімді болады. Әрбір азамат міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне өзі үшін жасалған аударымдарды қадағалау мүмкіндігіне ие болады.  

Сонымен қатар, 2018 жылы Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры азаматтарды емханаларға тіркеу бойынша мемлекеттік электрондық қызметті ұсынатын технологияны жетілдіруді жоспарлап отыр.

Елбасы Жолдауы №11 емханада талқыланды

Бүгін 01.02.2018 жылы ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауын талқылауға арналған іс-шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға Астана қаласы мәслихатының №17 округі бойынша депутаты Аюпов Аман Біләлұлы, бас дәрігер Сағандықов Жаңалық Кариполлаұлы және емхана қызметкерлері қатысты.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де болып, мұндағы жұмыс барысын тексерді

Үстіміздегі жылдың 26 қаңтарында қалалық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Надыров  Камалжан Талғатұлы №11 қалалық емханаға жұмыс сапарымен барды.

Жұмысты тексеру барысында Камалжан Талғатұлы құрамында 18 аймағы бар, олардың 2-і педиатрлық болып табылатын ЖТД бөлімшесінің жұмысымен танысты.

Емхананың жұмысымен танысу барысында 12 кереуеті бар күндізгі стационардың жұмысы тексерілді. Мұндағы барлық кереуеттер талап етіледі.

«Қарым-қатынас мәдениеті» тақырыбы психологиялық тренинг өтті

Бүгін, яғни 15 қаңтарда 2018 жылы әлеуметтік-психологиялық қызметтің психологтары ұйымдастырған психологиялық тренингі

Тақырыбы: «Қарым-қатынас мәдениеті»

Мақсаты: Адам өміріндегі қарым-қатынас мәдениетінің мәнін ашу.Өзін-өзі тану, түсіну, ортамен үйлесімді қарым-қатынас жасауға дағдыландыру, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзара жағымды қарым-қатынасын арттыру, парасаттылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:

Рефлексия үрдісін күшейту, жағымды психологиялық ахуал орнату, топ мүшелерінің бір-бірін түсінуге, мәдени сөйлеу білігін дамыту, өзін – өзі қалыптастыру барысында талдау жасауда, болашақта мамандықтарына сәйкес өзара жағымды  қарым – қатынас мәдениетінің әлеуетін арттыру.