Емхана қабырғасында патронаждық мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған «Қызмет көрсету бойынша әмбебап прогрессивті модель бағдарламасы» бойынша оқыту өтті

Емхана қабырғасында патронаждық мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған «Қызмет көрсету бойынша әмбебап прогрессивті модель бағдарламасы» бойынша оқыту өтті.

Әмбебап прогрессивті модель көптеген жылдар бойы өзінің артықшылықтарын дәлелдеді. Модель- балалар мен сәбилер өлімін, шала туылу мен сырқаттанушылықты азайтуға бағытталған. Үйге бару қызметтері баланың жан-жақты дамуына, балалардың жарақаттануын азайтуға, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл модель әлеуметтік осал және оқшауланған отбасыларды денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметтеріне тартады.

Негізгі жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) курсы бойынша қызметкерлерді оқыту жалғасуда

Негізгі жүрек-өкпе реанимациясы (BLS) курсы бойынша қызметкерлерді оқыту жалғасуда. Оқытуды жедел медициналық жәрдем бөлімінің қызметкерлері жүргізуде.

Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде, сондай-ақ мониторинг және бағалау тобының тексерулерінің қорытындысы бойынша Жатыр мойны обырын скрининг жүргізу алгоритмі бойынша проблемалық мәселелер бойынша

Онкологиялық аурулармен күрес жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған кешенді жоспар шеңберінде, сондай-ақ мониторинг және бағалау тобының тексерулерінің қорытындысы бойынша Жатыр мойны обырын скрининг жүргізу алгоритмі бойынша проблемалық мәселелер бойынша көпсалалы медициналық орталық базасында семинар өтті, оған біздің емхананың қызметкерлері қатысты.

Жатыр мойны обыры алдын алуға болатын аурулардың қатарына жатады. Себебі ЖМО баяу және негізінен жергілікті өсумен сипатталады, ұзақ инвазивті кезеңге ие және тексеруге болатын орган болып табылады. Әлемнің дамыған елдерінде ұйымдастырылған скринингтік бағдарламалардың енгізілуіне байланысты соңғы онжылдықтарда ЖМО-нан өлім-жітімнің күрт төмендеуі байқалды.

Қазақстанда әйелдердегі онкопатология құрылымында жатыр мойны обыры сүт безі обырынан кейін екінші орында тұр. Жыл сайын жатыр мойны обырының 1700-ге жуық жаңа жағдайы және осы аурудан 600-ге жуық өлім тіркеледі.

Бүгін Gaudeamus Халықаралық білім беру холдингінің өкілі Н.Т.Марханова жоғары медициналық білім алу рәсімі бойынша орта медициналық персоналға кеңес берді

Бүгін Gaudeamus Халықаралық білім беру холдингінің өкілі Н.Т.Марханова жоғары медициналық білім алу рәсімі бойынша орта медициналық персоналға кеңес берді. Кеңес беру біздің қызметкерлердің өтініші бойынша жүргізілді, өйткені олардың арасында мейірбике мәртебесін көтеру мақсатында өздерінің кәсіби деңгейін жоғарылатқысы келетіндер көп. Осы жылы емханамыздың медбикелердің 25 пайызы жоғарғы білім алады деп жоспарлануда.

Бүгін Ұлттық аккредиттеу орталығы сапа жөнінде форум өткізді. Аталған іс-шараға биыл Аккредиттеу стандарттарынан өткен Қазақстанның медициналық ұйымдары шақырылды

Бүгін Ұлттық аккредиттеу орталығы сапа жөнінде форум өткізді. Аталған іс-шараға биыл Аккредиттеу стандарттарынан өткен Қазақстанның медициналық ұйымдары шақырылды.

Біз де аталған шараға қатысып, көптен күткен Ұлттық аккредиттеудің бірінші санаты номинациясына ие болдық. Емханамыз осы жетістікке барлық медициналық қызметкерлердің күш-жігерінің арқасында қол жеткізді.

Өз сөзінде директор Ж.К.Сағандықов ұжымға және аккредиттеу орталығына көрсетілген әдістемелік көмек және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағыттағаны үшін үлкен алғысын білдірді.