Кешенді медициналық ақпараттық жүйе (кмаж) бойынша жиын өтті

Бүгін «№11 қалалық емханада» Кешенді медициналық ақпараттық жүйе (КМАЖ) бойынша жиын өтті.

Жүйенің мақсаты – ММ барлық бағыттарында медициналық қызметкерлердің тұрғындарға медициналық көмек көрсету мен денсаулығын сақтауды арттыру. 

Бірінші кезекте жүйе мыналарға арналған:

• электронды медициналық карталарды (ЭМК) енгізу

• медициналық ұйымдардың клиникалық бағыттағы жұмысын автоматтандыру

• Емдеу-диагностикалық процеске (ЕДП) барлық қатысушылар арасында тиімді ақпараттық өзара әрекеттестік. 

Пациенттер арасында МӘМС бойынша АТЖ

Емханада Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) бойынша ақпаратық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда.

«Менингококты инфекцияның алдын алу» тақырыбында семинар өтті

Бүгін «№11 қалалық емханада» «Менингококты инфекцияның алдын алу» тақырыбында семинар өтті.

Семинар барысында менингиттің эпидемиологиясы, диагностикасы, оны емдеу және алдын алу іс-шаралары мәселері талқыланды.

Семинар өте қызықты өтті, дәрігер терапевтер аурудың алдын алу және егілуге қатысты көптеген сұрақтарға жауаптар алды. 

Айдар: Пайдалы кеңестер - Менингококты инфекцияның алдын алудың іс-шаралары қандай?

Менингококты инфекция — түрлі клинкалық көріністермен сипатталатын симптомсыз бактериятасымалдаушы, назофарингит (мұрын және жұтқыншақтың қабынуы), менингит (ми кабатының қабынуы) және менингококты сепсис (инфекцияның қанға енуі) түрінде өтетін жіті бактериалды инфекциялық ауру.

Аурудың инфекция көзі кім болып табылады? Инфекция көзі ауру адам немесе бактерия тасымалдаушы. Көбінесе бактерия тасымалдаушылар қауіпті болып табылады (организмдерінде микробтар бар, бірақ өздері сырқаттанбайды), себебі оларда аурудың ешқандай клиникалық көріністері болмайды.

Жұқпа қалай тарайды? Берілу жолы – ауа-тамшылы (жөтелгенде, түшкіргенде, сөйлегенде). Менингококк қоздырғышы сыртқы ортада төзімсіз.  Микроб сау адамның ағзасына науқас адам немесе тасымалдаушымен ұзақ уақыт бойы қарым – қатынаста болғанда, тыныс алу жолдарының шырышты қабаттары арқылы енеді (жанында ұйықтағанда, бірге тамақтанғанда, оқығанда, тәрбиеленгенде). Жұққан сәттен бастап 1-10 күн аралығында сырқат пайда болады. Сырқат адам қоршаған адамдарға бірінші күннен бастап қауіпті. Сырқаттанушылықты қабылдағыштық өте жоғары. Менингококты жұқпа барлық жерде, бүкіл әлемде кездеседі. Көбінесе иммунитеті төмен 1-2 жастағы балалар жиі ауырады.

Айдар: Пайдалы кеңестер – Диабеттің алдын алу: қазір не істеуге болады?

Әлемде әр 5 секунд сайын бір адам қант диабетіне шалдықса, әр 7 секундта осы аурудан көз жұмады

Қант диабеті – бұл инсулиннің жетіспеушілігінен пайда болатын көмірсулар алмасуының қатты бұзылуымен, сондай-ақ заттек алмасуының бұзылуымен сипатталатын эндокриндік жүйе ауруы.

Диабеттің себептері:

1.    Тұқым қуалауға бейімділік. Егер ата-анасының біреуі қант диабетімен ауыратын болса, онда баласының осы аурумен ауру мүмкінлігі бар.

2.    Семіздік. Семіздіктін денсаулыққа қаншалықты қауіп төндіретінің сезіне отырып, онымен барынша күресерін болса, бұл факторды басқаруға болады.

3.    Панкреатит, ұйқы безі обыры, басқа ішкі секреция бездерінің аурулары (бета-жасушалар зақымдалғанда)

4.    Әр түрлі вирустық инфекциялар. Қазамық, желшешек, эпидемиялық паротит, тұмау – мұның бәрі ауруға себепші болатын шаппалы механизм іспеттес.