«Артериалды гипертония» денсаулық мектебі бойынша «дұрыс тамақтану. артериалды гипертония кезінде пациентке нені білу керек?» тақырыбында оқу өтті

Бүгін "№11 қалалық емханада" кардиолог: Романова К.М. және СӨС дәрігер Сүтдібаева А.Н. "Артериалды гипертония" денсаулық мектебі бойынша "Дұрыс тамақтану. Артериалды гипертония кезінде пациентке нені білу керек?" тақырыбында оқу өткізді.

2-ші оқудың мақсаты:
*пациенттерді дұрыс тамақтанудың негізгі принциптері туралы және АГ кезінде тамақтанудың ерекшеліктері туралы ақпараттандыру;

*пациенттерді азық-түлік рационының теңгерімділігі  ережелері мен принциптеріне оқыту.

Артериалды гипертония кезінде қалай тамақтанған жөн? 

АГ кезінде диеталық кепілдемеле алдымен дене салмағын қалыпты деңгейге түсіруге бағытталуы керек. Қалыпты салмақ кезінде – липидті ауысудың бұзылуын түзету.

Айдар: Пайдалы кеңестер - Темекіден бас тарту

Қазіргі кезде темекі түтінінің шайыры онкологиялық ауруларды, алдымен өкпе обырын өршітетініне еш күмәнданбайтын болдық. Сонымен бірге, темекінің шайыры шегу барысында алынатын өмірге қауіпті заттардың бірі ғана емес екені  белгілі. Адам үшін өлтіретін доза - 2-3 тамшы, бұл шамамен 20-25 сигарет. Темекі шегуші никотин дозасы ағзаға біртіндеп (тәулік ішінде), бір күнде емес, сондай-ақ темекі шайырының формальдегид уын жартылай жою нәтижесінде енетіндіктен өлмейді.

Шылым шегудің ағзаға тигізетін пайдасы жайлы қандай деректеріңіз бар? Бұл сұраққа бірде бір жағымды жауап таппайсыз. Ал керісінше, оның зияны туралы бірқатар дәлелдерді келтіруге болады.

Шылым, көпшілік ойлағандай, суықта жылытпайды, мидың жұмысына серпіліс әкелмейді. Керісінше, адамды ұзаққа созылатын тәуелділікке душар етеді. Әсер ету күші жағынан ішімдік пен есірткіден әлсіздеу болса да, тигізетін зияны асып артылады десек те қате болмас. Өйткені темекі түтіні адамның барлық мүшелеріне, әсіресе тыныс жолдарына қауіпті әсер етеді. Қазіргі таңда ауаның құрамында оттегінің кемуіне және көміртегінің артуына қатысты (оған темекі түтіні мен автомобиль газын қосыңыз) мәселені есепке алсақ, тыныс жолдарын зақымдайтын аурулардың артқандығы жайлы белгілі болды.

Жастар арасында темекі шегудің алдын алу және одан бас тарту бойынша «Өзің біл және өзгеге жеткіз!» тақырыбында семинар-тренинг өтті

Бүгін «№11 қалалық емханада» жастар арасында темекі шегудің алдын алу және одан бас тарту бойынша «Өзің біл және өзгеге жеткіз!» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Семинар барысында балалар темекінің, әсіресе жасөспірім кездегі адам ағзасына зияны туралы кеңінен әңгіме өрбітті. Одан шығатын қорытынды әркім өз денсаулығына қажетті құндылық ретінде қарауы керек.

Сондай-ақ, темекіден бас тартудың халықаралық күніне арналған «Біз СӨС-ті таңдаймыз!» атты акция өткізілді. Іс-шараның мақсаты – жастар арасында темекі тартудың алдын алу және оқушыларға темекінің адам ағзасына тигізетін зиянды әсерлері туралы ақпарат беру.

Акцияға №29 мектептің оқушылары қатысты. Олар темекі тартудың зиянды әсерлері туралы ақпараттарды қызыға тыңдады, викторина сұрақтарына белсене жауап берді және бас қатыратын ойындарды шешуге атсалысты. 

Айдар: Пайдалы кеңестер – Астмалық ұстамалар кезінде көрсетілетін алғашқы көмек

Бронхиалды астма – ісінуден, бронх тарылуынан болған тұншығумен сипатталатын тыныс алу жолдарының созылмалы ауруы.

Бронхиалды астманың пайда болуының қауіп-қатер факторлары:

Тұқым қуалаушылық.

Жиі респираторлық- вирустық аурулар

Үй шаңы, өсімдіктер тозаңы, азық-түлік өнімдері, дәрілік препараттар,  жануарлар жүні, аэрозолдар, бояғыштар, саңырауқұлақтар және т.б.

Темекі шегу.

Баланы ерте жастан жасанды тамақтандыруға ауыстыру.

Бронхиалды астма уақытылы және дұрыс жоспарланған алдын алу шараларын болдырмауға мүмкін болатын ауруларға жатады.

Бұл ретте алдын алу және емдеу 3 деңгеймен жүргізіледі.

«Қант диабеті» денсаулық мектебі бойынша пациенттер арасында бесінші оқу өтті

Бүгін №11 қалалық емханада эндокринолог Жүнісова З.С. және СӨС дәрігер Сүтдібаева А.Н. пациенттер арасында «Қант диабеті» денсаулық мектебі бойынша «Гипо және гипергликемия. Себептері, белгілері» тақырыбында бесінші оқу өткізді.

Қант диабеті  — инсулиннің бездік немесе безден тыс жеткіліксіздіктерінде, қанда қант мөлшерінің көбейіп кетуінен пайда болатын дерт. Бұл аурумен жас та, кемел жастағылар да, кәрі де ауырады. Әсіресе жасөспірім кездегі диабет ауруы өте қиын, мұндай жаста диабетпен ауырғандарға арнаулы дәрі (инсулин) қолдану ұсынылады.