Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру

Дәстүрлі «Жүректен-жүрекке» акциясы өтті

Бүгін  ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК әкісмшілігі Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін және елорданың 20 жылдығын атап өту мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дәстүрлі «Жүректен-жүрекке» акциясын ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шара «Алматы» ауданы әкімінің және Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өтті.

Емхананың бас дәрігері Жаналық Карипуллаұлы Сағандықов жиналғандарды аталмыш мерекемен құттықтап, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тіледі.

Акцияның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоционалдық-саналық үйлесімділігін салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы дамыту, осы санаттағы балалар мен олардың отбасында жайлы моральдық-психологиялық орта қалыптастыру.

Бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарламасы

«Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы» ММ  Астана қ. әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК бақылау кеңесі мүшелерін тағайындау туралы байқаудың басталғаны туралы хабарлайды.

Мекен-жайы: Астана қаласы, «Алматы» ауданы, Абылайхан даңғ, 30. Тел. 360-760.  Ресми сайты - http://www.emhana11.kz

Негізгі қызметінің сипаттамасы – тіркелген тұрғындарға бастауыш медициналық-санитариялық көмек көрсету.

Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындардағы байқау кеңесіне сайланатын адамдарға қойылатын талаптарда жоғары білімнің, сондай-ақ мынадай талаптардың бірінің болуы шарт:

1) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласында кемінде 5 жыл жұмыс тәжірибесінің;

2) денсаулық сақтау және (немесе) экономика/қаржы және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы басшылық қызметте кемінде 3 жыл жұмыс тәжірибесінің;

3) денсаулық сақтау және (немесе) экономика және (немесе) бизнес және (немесе) құқық саласындағы қоғамдық бірлестіктердің мүшесі.

Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне қатысты туралы жиналыс есебі

2018 жылдың 3 тамызында №11 қалалық емханада, «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласындағы филиал өкілі Сагиева Ақмарал Сансызбайқызымен кездесу өтті.

Бұл іс-шара зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары аясында өткізілді.

Қордың өкілі Сагиева А.С. зейнетақы жүйесіндегі соңғы өзгерістер туралы хабардар етті. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы толығымен жұмыс өтіліне байланысты болатынын және зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы барлық өтініш түрлерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бір өтініш арызымен тапсыруға және әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеру қажеттілігі туралы түсіндіріп берді.

Назар! Құрметті ата-аналар!

Құрметті ата-аналар! Сіздерді және сіздің балаларыңызды Ұлттық күнтізбеге сәйкес егілуге шақырамыз.

210-кабинет.

Өз балаңызға көмектесіңіз! Оны жұқпалы аурулардан, және олардан болатын ауыр асқынулар мен зардаптардан сақтаңыз! 

Егу кабинетінің жұмыс кестесі.