Назар! Ашық есік күні!

Железнодорожный тұрғын алабының тұрғындары үшін жылжымалы флюорограф ұйымдастырылды

Бүгін, ауа-райының қолайсыздығына қарамастан, №11 қалалық емхана базасында, Жамбыл Жабаев көшесі, 20-дағы Железнодорожный тұрғын алабының тұрғындары үшін  жылжымалы флюорограф ұйымдастырылды. Тұрғын алаптың барлық тұрғындары флюорографиялық қарап тексеруден өтуге мүмкіндік алды, пациенттерге ыстық шай және тәттілер ұсынылды. Флюорографиялық қарап тексеру туберкулезді және кеуде қуысының қатерлі өзгерістерін ерте кезеңінде анықтауға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, емхана қызметкерлері МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізуді белсенді жалғастыруда. 

Назар аударыңыз!

Жылжымалы флюорограф ұйымдастырылды

Бүгін №11 қалалық емхана базасында Железнодорожный тұрғын алабы тұрғындарына көрсетілетін медициналық көмектің сапасын және қолжетімділігігн арттыру мақсатында, емхана қаражаты есебінен, жылжымалы флюорограф ұйымдастырылды. Профилактикалық флюорография тыныс алу органдарының ауруларын, туберкулездің алдын алу және кеуде қуысының басқа да жасырын басталатын  ауруларын ерте кезінде анықтау үшін қажет.

Сондай-ақ, емхана қызметкерлері МӘМС жөніндегі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын белсенді жалғастыруда.

Железнодорожный тұрғын алабында күделікті жұмыстар

Жамбыл Жабаев көшесі, 20 мекенжайдағы Железнодорожный тұрғын алабында орналасқан, №11 қалалық емхананың базасында күн сайын ауруларды басқару бағдарламасы бойынша мына нозологиялар: қант диабеті, артериалды гипертензия, созылмалы жүрек жетіспеушілігі жөнінде жұмыстар жүргізілуде.