ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша түсіндіру жүргізлді

30.10.2018ж. №11 қалалық емханада «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының саяси жұмыс бөлімінің меңгерушісі Ахмеди Е.Е.,  медициналық қызметкерлер арасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауы бойынша түсіндіру жүргізді.

Назар аударыңыз!

ЮНИСЕФ-тің ұйымдастыруымен өтетін БМСК бойынша жаһандық конференция

2018 жылғы 25 қазанда  №11 қалалық емханада медицина қызметкерлеріне арналған Алматы декларациясының 40 жылдығына орай, ҚР Үкіметінің, ДДСҰ және ЮНИСЕФ-тің ұйымдастыруымен өтетін БМСК бойынша жаһандық конференцияның онлайн көрсетілімі ұйымдастырылды. Онда БМСК бойынша Астана декларациясы қабылданды. Конференцияға № 11 қалалық емхананың бас дәрігері Сағандықов Ж.К. және бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Затыбекова Э.О. қатысты. Біздің ел үшін ауқымды осы оқиға бүкіл әлемдік денсаулық сақтау жүйесіне де маңызды әсер етеді.

«WALK THE TALK» акциясы өтті

Бүгін №11 қалалық емхана қызметкерлері БМСК бойынша БДҰ Алматы Декларациясының 40 жылдығына арналған, Жаһандық халықаралық конференция аясында «WALK THE TALK» акциясына қатысты. Біздің емхана ұжымы, денсаулықты нығайту, тұрғындарды спорттық жаттығуларға баулу мақсатында 3 шақырым, 1 шақырым жүгіруге және скандинавиялық жүріске белсене қатысты.

Медицина қызметкерлеріне арналған лекция өтті

Бүгін №11 қалалық емханада, сүт безінің обыры туралы хабарландыруды арттыру бойынша онкүндік аясында, дәрігер онколог-маммолог И.И.Штефанов «Сүт безі обырын ерте кезінде анықтау және оның алдын алу» тақырыбында медицина қызметкерлеріне арналған лекция өткізді.