Болашақ аналарға арналған мектеп – жағдайда мамандармен сөйлесіп, сұрақтарға жауап алуға болатын тамаша мүмкіндік

Болашақ аналарға арналған мектеп – жағдайда мамандармен сөйлесіп, сұрақтарға жауап алуға болатын тамаша мүмкіндік. Біздің мамандар жүктілік туралы және осы кезеңдегі мінез-құлық әрекеттері туралы айтып береді және босануға дайындалуға көмектеседі.

Бүгін NOMAD CITY HALL-да елордалық денсаулық сақтаудың 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін NOMAD CITY HALL-да елордалық денсаулық сақтаудың 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аталған іс-шарада медициналық қызметкерлердің еңбектері бағаланып, үздік әріптестеріміз марапаттарға ие болды.

Емханамыздың директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Аманбакова Сауле Балтабайқызы ҚР ДСМ-нің Денсаулық сақтау саласының үздігі төс белгісіне ие болды. Бұл өте лайықты марапат деп білеміз және Сауле Балтабайқызын шын жүректен құттықтаймыз!

Сонымен қатар, биылғы іс-шара өте ерекше форматта атап өтілгенін айта кеткеніміз жөн. Шараның мерекелік концертінде тек жұлдыздар ғана емес қалалық медицина мекемелерінің қызметкерлері де өз өнерлерін көрсетті. Бұл ақ халаттылардың “сегіз қырлы, бір сырлы” екендігінің тағы да дәлелі болмақ!

Ауруханаішілік инфекция жұқтырудың алдын алу үшін медициналық қызметкерлер емханадағы эпидемияға қарсы режиммен танысып, қызметтік міндетін атқару кезінде санитарлық талаптардың орындалуына көңіл бөлуі керек

Ауруханаішілік инфекция жұқтырудың  алдын алу үшін медициналық қызметкерлер емханадағы эпидемияға қарсы режиммен танысып, қызметтік міндетін атқару кезінде санитарлық талаптардың орындалуына көңіл бөлуі керек. Осы мақсатта, дәрігер-эпидемиолог Тащанова Ж.К. емхана медбикелері арасында қол жуу әдісі мен санитарлық-эпидемиологиялық қадағалауды бақылауды үнемі күшейтіп отырады.

Біздің емхананың әлеуметтік қызметкерлері Астана қаласы филиалының "Қызыл Жарты Ай" ұйымымен бірлесіп әлеуметтік көмек ұйымдастырды

Біздің емхананың әлеуметтік қызметкерлері Астана қаласы филиалының "Қызыл Жарты Ай" ұйымымен бірлесіп әлеуметтік көмек ұйымдастырды. Емхананың жалғызбасты егде жастағы пациенттеріне азық-түлік себеттеріне сертификаттар таратылды.
Өз кезегімізде, "Қызыл Жарты ай" ұйымына алғысымызды білдіре отырып, табыстар мен жаңа жетістіктер тілейміз!

Емхана қабырғасында патронаждық мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған «Қызмет көрсету бойынша әмбебап прогрессивті модель бағдарламасы» бойынша оқыту өтті

Емхана қабырғасында патронаждық мейірбикелер мен әлеуметтік қызметкерлерге арналған «Қызмет көрсету бойынша әмбебап прогрессивті модель бағдарламасы» бойынша оқыту өтті.

Әмбебап прогрессивті модель көптеген жылдар бойы өзінің артықшылықтарын дәлелдеді. Модель- балалар мен сәбилер өлімін, шала туылу мен сырқаттанушылықты азайтуға бағытталған. Үйге бару қызметтері баланың жан-жақты дамуына, балалардың жарақаттануын азайтуға, отбасындағы қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді. Сонымен қатар, бұл модель әлеуметтік осал және оқшауланған отбасыларды денсаулық сақтау және әлеуметтік қорғау жүйесінің қызметтеріне тартады.