Біздің емхананың ортопед-травматолог дәрігері Бекболат Шуринбайұлы "Травматология мен ортопедиядағы инновациялар" республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуда.

Біздің емхананың ортопед-травматолог дәрігері Бекболат Шуринбайұлы "Травматология мен ортопедиядағы инновациялар" республикалық ғылыми-практикалық конференциясына қатысуда.

Аталған конференцияға Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният қатысты, сондай-ақ бағдарламаға осы саладағы жетекші мамандардың баяндамалары мәлімделіп, Ресей, Қытай, Түркия, Германия, Үндістан, БАӘ және Өзбекстан сарапшыларынан күрделі операцияларды талдай отырып шеберлік сыныптары жоспарланған.

Іс-шара елімізде травматология мен ортопедияның дамуына зор үлес қосқан медицина ғылымдарының докторы, профессор Әбдірахманов Әлібек Жанпейісұлының 80 жылдығына орайластырылған.

Жыл сайын конференция орталық және Орта Азия дәрігерлері үшін ғана емес, әлемнің басқа бөліктеріндегі әріптестер үшін де білім мен тәжірибе алмасуға арналған ең ірі диалог алаңы болып табылады!

"№11 қалалық емхананың" қызметкерлері "AQNIET" Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы ұйымдастырған "медициналық адвокат" республикалық акциясы аясында "Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау: практикалық ұсынымдар" тақ

"№11 қалалық емхананың" қызметкерлері "AQNIET" Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлерінің кәсіптік одағы ұйымдастырған "медициналық адвокат" республикалық акциясы аясында "Медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау: практикалық ұсынымдар" тақырыбында семинарға қатысты.

Аталған семинардың лекторы медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғаушы, медициналық қоғамдастықтың тәуелсіз консалтинг директоры Дәурен Нұрсапанов болды.

Дәурен Сайрамғазыұлы өз сөзінде AQNIET кәсіподағына алғысы мен құрметін білдіріп, олардың медицина қызметкерлерінің құқықтарын қорғау жолындағы белсенді жұмыстарын атап өтті.

Бүгінгі таңда "AQNIET" кәсіподағы үшін денсаулық сақтау қызметкерлерінің өмір сүру сапасын жақсарту сөзсіз басымдық болып қала береді. Маңызды міндет- медицина қызметкерінің мәртебесін көтеру, атап айтқанда лайықты жалақы төлеу және қауіпсіз еңбек жағдайларын жасау, заңдық сүйемелдеу және қорғау болып табылады.

«№11 қалалық емхананың» басшылығы командалық рухты нығайту және қызметкерлерді жақындастыру үшін барлық жағдайды жасайды

«№11 қалалық емхананың» басшылығы командалық рухты нығайту және қызметкерлерді жақындастыру үшін барлық жағдайды жасайды. 
Бүгін емхана қызметкерлері үшін тимбилдинг өтті. Тимбилдинг керемет табиғаты бар "Beibarys" beibarys.comfort демалыс аймағында ашық ауада өтті.

Бұл іс-шараның мақсаты-ынтымақтастық сезімін күшейту, қызметкерлер арасындағы сенімді дамыту, сондай-ақ тиімді жұмыс істеуге ынталандыру болып табылады.

Болашақ аналарға арналған мектеп – жағдайда мамандармен сөйлесіп, сұрақтарға жауап алуға болатын тамаша мүмкіндік

Болашақ аналарға арналған мектеп – жағдайда мамандармен сөйлесіп, сұрақтарға жауап алуға болатын тамаша мүмкіндік. Біздің мамандар жүктілік туралы және осы кезеңдегі мінез-құлық әрекеттері туралы айтып береді және босануға дайындалуға көмектеседі.

Бүгін NOMAD CITY HALL-да елордалық денсаулық сақтаудың 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін NOMAD CITY HALL-да елордалық денсаулық сақтаудың 25 жылдығына арналған салтанатты іс-шара өтті.
Аталған іс-шарада медициналық қызметкерлердің еңбектері бағаланып, үздік әріптестеріміз марапаттарға ие болды.

Емханамыздың директордың емдеу ісі жөніндегі орынбасары Аманбакова Сауле Балтабайқызы ҚР ДСМ-нің Денсаулық сақтау саласының үздігі төс белгісіне ие болды. Бұл өте лайықты марапат деп білеміз және Сауле Балтабайқызын шын жүректен құттықтаймыз!

Сонымен қатар, биылғы іс-шара өте ерекше форматта атап өтілгенін айта кеткеніміз жөн. Шараның мерекелік концертінде тек жұлдыздар ғана емес қалалық медицина мекемелерінің қызметкерлері де өз өнерлерін көрсетті. Бұл ақ халаттылардың “сегіз қырлы, бір сырлы” екендігінің тағы да дәлелі болмақ!