«Әрқашан күн сөнбесін, болайын мен де аман...»

1 маусымда «№11 қалалық емхана» кәсіподағының қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күнінде мерекеге орай «Әрқашан күн сөнбесін, болайын мен де аман...» атты балалар сурет байқауы өтті. Байқауға қызметкерлердің балалары қатысты. Балаларға естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, ерекше балалары бар қызметкерлерге әлеуметтік көмек ретінде азық-түлік жиынтығы табысталды.

«Жүректен жүрекке» акциясы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емханасының» директоры Ж.К.Сагандыковтың қатысуымен және әлеуметтік серіктестердің қолдауымен: ЖҚ «Ақниет» кеңесінің төрағасы Б.М.Бисембаева және «Шарын» ЖШС - бас директоры М.Т. Ахматовтың қолдауымен балалар күніне арналған «Жүректен жүрекке» акциясын жалғастыруда. Құттықтау айтып компьютерлер мен жемістер түрінде сыйлықтар берілді.  
Әр баланың дені сау болып, ата-анасының қамқорлығында болуын қалаймыз. Аспан әрқашан тыныш, әр жаңа күн мейірімді және қызықты болсын. Ата-аналарға шыдамдылық пен мейірімділік тілейміз. Ата-аналар, балаларының бақытты және қауіпсіз балалық шағы үшін жауапты!

Құрметті «№11 қалалық емхананың» қаралушылары!

Құрметті «№11 қалалық емхананың» қаралушылары! Емханада оңалту және физиотерапия кабинеттері өз жұмыстарын іске асыруда. Сіз сауықтыру мәселелеріне, жеке емдеу бағдарламаларына және тәжірибелі жоғарғы білікті мамандардың емдеу шараларының тиімділігіне жан-жақты емдік шараларын ала аласыз.  

Оңалту және физиотерапия кабинеті мына мекен-жайда орналасқан: 40-шы станция, Железнодорожный кенті, Жамбыл Жабаев көшесі 20.
Науқастар инфильтрация кезеңінде жедел және созылмалы ауырсынуды, тері және тері астындағы тіндердің ауруларын, әртүрлі ішкі ағзалардың жедел және созылмалы қабыну ауруларын, тірек-қимыл аппаратының жарақаттары ауруларын, перифериялық жүйке, жүрек-тамыр жүйесі, репродуктивті, зәр шығару жүйелерін қалпына келтіру, буындар мен жұлынның зақымдануы, ЛОР мүшелерінің аурулары, аяқ-қолдардың перифериялық тамырларының аурулары, вегетативті-тамырлы дисфункция, 1-2 сатысындағы гипертрофиялық ауру, менопаузалық және постменопаузалық синдромдар және т.б. ауруларына ем ала-алады.

Науқастарды емдеу, физиологиялық функцияларын барынша қалпына келтіруге бағытталған әртүрлі құралдарды кешенді қолдану арқылы жүзеге асырылады.                

Сіз Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша жоғары білікті физиотерапиялық көмекті ала аласыз. Реабилитациялық бөлмелер, заманауи жоғары технологиялық аппараттармен жабдықталған.

«Жүректен жүрекке» акциясы

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емханасының» директоры Сагандыков Ж.К. әлеуметтік серіктестердің қолдауымен: ҚҚ «Благодарю» - жетекшісі Ж.А. Калыкова; «Ана үйі» қоғамдық қорының директоры Акимбекова Б.Д., қордың үлестірушісі Диханова А.Ж.; «Ұлы Ғасыр» Жалпыұлттық қоғамдық қоры - Бас директоры Б.Ж.Искаков, бас директордың орынбасары Калымбетова У.У.; «Электровозосборочный завод» - бас директор Жюльен Роже Ноди.; «Шарын» ЖШС - Бас директор Ахматов М.Т. балалар күніне арналған «Жүректен жүрекке» акциясын өткізді.
Олар ерекше қамқорлықты қажет ететін балалары бар отбасыларға азық-түлік себеті, жемістер мен баланы дамытуға арналған ойыншықтар түрінде сыйлықтар табыс етті.
Біздің балаларымыз - Қазақстан республикасының көркейуі және болашақ кепілі. Барлық отбасыларға денсаулық пен отбасылық амандық тілейміз.

1 маусым "Балаларды қорғау" күнімен құттықтаймыз!

Сендерді 1 маусым "Балаларды қорғау" күнімен құттықтаймыз! Әр уақытта аспандары ашық, дендері сау болып, Отанымыздың мақтанышы болуларына тілектеспіз! Балалар аман болсын, денсаулығы мықты болсын! Балалардың жолы ашық болып, ойлаған армандарына жетсін, біздердің қуанышымыз болсын!