4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған іс-шара өтіп, онда емхана директоры барлық әріптестерді және тіркелген тұрғындарды мерекемен құттықтады. Еліміздің әнұраны емхананың әр қабатында дабылдатқыш арқылы ойнатылды. 
«Мемлекеттік рәміздер кез-келген елдің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады. Олар оның тарихын әспеттеумен бірге, қазіргі құндылықтарды бейнелейді, болашаққа жоспарларын көрсетеді. Ендеше, көк туымыз планетамыздың түкпір-түкпірінде алтын күндей жарқырай желбіреп, әнұранымызды төрткүл дүние танып-білсін. Біздің еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеп, оларды мақтан тұтайық! » - деді емхана директоры Ж.К.Сагандыков.
Мемлекеттік рәміздер күнінің басты идеясы - қазақстандық патриотизм мен ұлттар бірлігін нығайту, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау.
Ту, Елтаңба, Әнұран – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Бұл мұраны әрқайсымыз сақтауымыз керек.

Емхана әкімшілігі баршаңызды осы мерекемен шын жүректен құттықтайды! Туымыз әрі қарай әлемдік аренада көрінсін, елтаңбамыз біздің бірлігімізді етіп, әнұранымыз барша қазақстандықтардың жүрегінде  шырқалсын!

«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!!!

«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!!!

Сіздерді Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхананың» ұжымы атынан 4-ші маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын.

Мемлекеттік рәміздер – егемендік пен тәуелсіздіктің, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің нышандары. Сондықтан мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты – қазақстандық патриотизм, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне мақтаныш идеяларын кеңінен танымал ету және дамыту.
Еліміздің еңсесі биік, санаулы тәуелсіз тарихына қарамастан, бүгінде Мемлекеттік Рәміздеріміз бүкіл әлемге танымал. Елдігіміздің айғағы саналатын Мемлекеттік нышандарды қастерлеу — әрбір қазақстандықтың, болашақ ұрпақтың қасиетті парызы, патриоттығымыз бен Отанға деген құрметіміздің көрсеткіші. Мереке құтты болсын, жерлестер!» - Сагандыков Жаналык Карипуллович

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды

Мемлекеттік рәміздер туралы.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.

Ревматоидты артритпен ауыратын науқастарды емдеудің заманауи аспектілері

«№11 қалалық емханада» Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы бөлімінің, бас штаттан тыс ревматологы Аубакирова Б.А., емхананың жалпы тәжірибелік дәрігерлері мен медбикелері үшін «Ревматоидты артритпен ауыратын науқастарды емдеудің заманауи аспектілері» тақырыбында семинар өткізді.

«Әрқашан күн сөнбесін, болайын мен де аман...»

1 маусымда «№11 қалалық емхана» кәсіподағының қолдауымен Халықаралық балаларды қорғау күнінде мерекеге орай «Әрқашан күн сөнбесін, болайын мен де аман...» атты балалар сурет байқауы өтті. Байқауға қызметкерлердің балалары қатысты. Балаларға естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ, ерекше балалары бар қызметкерлерге әлеуметтік көмек ретінде азық-түлік жиынтығы табысталды.