қызметкерлеріне кезекті аккредитацияға дайындық туралы отырысын өткізді

5 маусым күні Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхананың» директоры Сағандықов Жаналык Карипуллович емхана қызметкерлеріне кезекті аккредитацияға дайындық туралы отырысын өткізді.
Күн тәртібінде: жол картасының орындалуы, күндізгі стационар бөлімі мен оңалту бөлімінің жоспарлары, скринингтік жоспарлардың орындалуы, иммунопрофилактика және туберкулез туралы, медициналық сарапшылардың жұмысы туралы, коронавирустық инфекция туралы ақпарат айтылды.
Жұмыс нәтижелі болуы үшін, қызметкерлердің ұйымшылдығы берік болуы қажет. Осының нәтижесінде ауруры алдын алу және науқастарды емдеу жақсарады.

барлық медициналық қызметкерлерді кезекті аккредитацияға дайындауға оқыту өткізілді

Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емханада» барлық медициналық қызметкерлерді кезекті аккредитацияға дайындауға оқыту өткізілді.

4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күні

4 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де Қазақстан Республикасының рәміздері күніне арналған іс-шара өтіп, онда емхана директоры барлық әріптестерді және тіркелген тұрғындарды мерекемен құттықтады. Еліміздің әнұраны емхананың әр қабатында дабылдатқыш арқылы ойнатылды. 
«Мемлекеттік рәміздер кез-келген елдің міндетті атрибуттарының бірі болып табылады. Олар оның тарихын әспеттеумен бірге, қазіргі құндылықтарды бейнелейді, болашаққа жоспарларын көрсетеді. Ендеше, көк туымыз планетамыздың түкпір-түкпірінде алтын күндей жарқырай желбіреп, әнұранымызды төрткүл дүние танып-білсін. Біздің еліміздің мемлекеттік рәміздерін құрметтеп, оларды мақтан тұтайық! » - деді емхана директоры Ж.К.Сагандыков.
Мемлекеттік рәміздер күнінің басты идеясы - қазақстандық патриотизм мен ұлттар бірлігін нығайту, тәуелсіз Қазақстанның құндылықтары мен жетістіктерін насихаттау.
Ту, Елтаңба, Әнұран – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырамас атрибуттарының бірі. Бұл мұраны әрқайсымыз сақтауымыз керек.

Емхана әкімшілігі баршаңызды осы мерекемен шын жүректен құттықтайды! Туымыз әрі қарай әлемдік аренада көрінсін, елтаңбамыз біздің бірлігімізді етіп, әнұранымыз барша қазақстандықтардың жүрегінде  шырқалсын!

«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!!!

«Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!!!

Сіздерді Нұр-сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхананың» ұжымы атынан 4-ші маусым Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтаймын.

Мемлекеттік рәміздер – егемендік пен тәуелсіздіктің, халық пен мемлекеттік билік бірлігінің нышандары. Сондықтан мемлекеттік рәміздер күнін мерекелеудің басты мақсаты – қазақстандық патриотизм, еліміздің әлеуметтік-экономикалық жетістіктеріне мақтаныш идеяларын кеңінен танымал ету және дамыту.
Еліміздің еңсесі биік, санаулы тәуелсіз тарихына қарамастан, бүгінде Мемлекеттік Рәміздеріміз бүкіл әлемге танымал. Елдігіміздің айғағы саналатын Мемлекеттік нышандарды қастерлеу — әрбір қазақстандықтың, болашақ ұрпақтың қасиетті парызы, патриоттығымыз бен Отанға деген құрметіміздің көрсеткіші. Мереке құтты болсын, жерлестер!» - Сагандыков Жаналык Карипуллович

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды

Мемлекеттік рәміздер туралы.

«Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заң 2007 жылы 4 маусымда қабылданды. Осы Заңға сәйкес жыл сайын 4 маусым Қазақстан Республикасында Мемлекеттік рәміздер күні ретінде мерекеленеді.
Мемлекеттік рәміздер – бұл кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін, оның ажырағысыз атрибуттарының бірі. Қазақстан Республикасында Мемлекеттік ту, Мемлекеттік елтаңба және Мемлекеттік гимн мемлекеттік рәміздер болып табылады.
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы – ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында ұлттық өрнек тік жолақ түрінде нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес.