Абай (Ибраһим) Құнанбаев

Абай (Ибраһим) Құнанбаев (1845-1904) — ақынағартушыжазба қазақ әдебиетініңқазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.

елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні

Бүгін 13 шілде күні  елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Covid-19 індетімен күресу барысында қайтыс болған медицина қызметкерлерімен және осы індеттен қайтыс болған марқұмдардың отбасыларына «№11 қалалық емхана» ұжымы атынан қайғырып көңіл айтамыз.

«№11 қалалық емханасының» әкімшілігі мен медициналық қызметкерлері С.Ж.Рахымбаеваға зор ризашылықтарын және алғыстарын білдіреді

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емханасының» әкімшілігі мен медициналық қызметкерлері қазіргі эпидемиологиялық жағдайда вирустық инфекцияларды алдын алуы үшін қорғаныс шлемдерімен қамтамасыз етіп қолдағаны үшін және көрсетілген көмегі үшін кәсіподақ ұйымының төрайымы С.Ж.Рахымбаеваға зор ризашылықтарын және алғыстарын білдіреді.

Назар аударыңыз!


Құрметті «№11 қалалық емхананың» қаралушылары!

Егер сіздің  қызуыңыз көтеріліп тұрса, әлсіздік сезген болсаңыз, тамағыңыз қышым жөтел пайда болса Ш.Құдайбердіұлы 28 мекенжайы бойынша орналасқан Провизорлық бөлімшеге барыңыздар. Жұмыс уақытысы  08-00 ден 20-00 дейін. Демалыссыз.

Коронавирустық инфекцияны алдын-алу үшін қажетті шараларды ұстануға шақырамыз:
-қашықтықты сақтау;
-адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде кию;
-мекемеге кіру және шығу кезінде қолдарыңызды дезинфекциялық ерітіндімен залалсыздандырыңыздар.

Қосымша ақпарат алу үшін: 36-07-62, 109, 8-771-010-86-45 номерлеріне хабарласыңыздар.

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады

Эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, 23 маусымнан бастап қала емханаларында науқастарды жоспарлы қабылдау мен қарау тоқтатылады. Атап айтқанда: ересектер мен балаларды профилактикалық қабылдау, оның ішінде скринингтер, жоспарлы стоматологиялық, оңалту қызметтері, денсаулық мектебі, медициналық-әлеуметтік қолдау, МӘС құжат рәсімдеу, күндізгі бөлімнің жұмысы, жоспарлы түрде ауруханаға жатқызуға жолдама беру, тәулік бойғы және күндізді стационар бар. Мамандардың жоспарлы консультациялық көмек көрсетуі онлайн форматқа ауыстырылады. Диспансерлік тіркеуде тұрған азаматтарға қажетті рецепт онлайн беріліп, дәрі-дәрмек үйге дейін жеткізіп беріледі.

Халықты вакцинациялау екпенің ұлттық күнтізбесі бойынша жоспарлы түрде жүргізіледі. Жүкті әйелдерді қабылдау, УДЗ скрининг жүргізу штаттық режимде қалады.

Қала емханалары тек шұғыл және КВИ белгілері бар науқастарды ғана қабылдайды. Коронавирустың ауру белгілері жоқ науқастарын емдеу үшін медицина қызметкерлері бейнеқоңырау және байланыстың басқа да арналарын пайдалану арқылы азаматтардың денсаулығын қадағалап отырады және инфекцияның симптомсыз түріне қатысты мәселелер бойынша консультация өткізетін болады. Ауру белгілері байқалған бойда науқастарды ауруханаға жатқызады.

22 маусымда қосымша 200 орындық стационар дайындалды. Қажеттілік туындаған жағдайда басқа да ұйымдар стационар ретінде бейімделетін болады.