қызметкерлердің бірінші сыныпқа баратын балалары үшін «1 қыркүйек - білім күні» мерекесіне орай оқушыларға рюкзактар мен оқу құралдары таратылды

2020 жылдың 24 тамыз күні ШЖҚ «№11 қалалық емхананың» МКК-нің кәсіподақ комитетінің қолдауымен қызметкерлердің бірінші сыныпқа баратын балалары үшін «1 қыркүйек - білім күні» мерекесіне орай оқушыларға рюкзактар мен оқу құралдары таратылды. Емхана директоры Сагандыков Ж.К. балалар мен ата-аналарды келе жатқан білім күні мерекесімен құттықтады.
Құрметті балалар! Сіздерді жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді. Мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізіңіздер.
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезеңнің бастамасы. Ақ жол тілеймін!

емхананың негізгі мамандарына қызметтік кезекті отырысын өткізді

2020 жылдың 24 тамызында ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-нің директоры Сагандыков Ж.К. емхананың негізгі мамандарына қызметтік кезекті отырысын өткізді.
Отырыста келесі бір қатар мәселелер қаралды. Директор қызметкерлердің сапалы медициналық қызмет көрсетулеріне ерекше назар аударды. Скринингтік бағдарламаларды орындау, жол картасы, ауруларды басқару бағдарламасы, сонымен қатар жас мамандарды, жалпы тәжірибедегі дәрігерлер мен медбикелерді қолдау және оқыту туралы айтылды. Ағымдағы мынандай мәселелер де көтерілді: емханаға келген жағдайының ауырлығына сәйкес көмек көрсетілетін науқастарды реттеу, кадрлар және мұрағаттық құжаттар туралы, қатаң маска режимін сақтау, медициналық қызметкерлер үшін де, пациенттер үшін
санитарлық-эпидемиологиялық шараларды ұстану.

«Ақниет» жеке қайырымдылық қоры емхананың қарамағындағы ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті

1 қыркүйек қарсаңында «Жүректен жүрекке» акциясы аясында «Мектепке жол» іс-шарасына «Ақниет» жеке қайырымдылық қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Б.М. Бисембаеваның және атқарушы директоры Б.М. Шаяхметованың қолдауымен бірлесіп емхананың қарамағындағы ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етті.

«№ 11 қалалық емхана» әкімшілігі және директоры Ж.К. Сагандыковтың атынан өсіп кележатқан ұрпақты қолдағаны үшін шын жүректен ризашылығын білдіреді және болашақта шығармашылық, кәсіби табыс пен қайырымдылық қордың дамуына тілектеспіз және біздің кішкентай пациенттерге денсаулық пен оқу жылында сәттілік тілейді.

Назар аударыңыз!

Құрметті «№11 қалалық емханаға» тіркелген қаралушылар! 2020 жылдың 17 тамызынан бастап емхана қалыпты жұмыс режиміне көшеді. Қабылдау сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін, үйге қоңыраулар мен активтер 08.00-ден 18.00-ге дейін; Шәкәрім Құдайбердіұлы 28 көшесіндегі провизорлық бөлімшенің жұмыс уақыты 8.00-ден 20.00-ге дейін. Барлық мамандар штат кестесіне сәйкес жұмыс істейді. Мамандардың жұмыс уақытын емхананың emhana11.kz сайтында немесе 36-07-62, 109 телефондары бойынша анықтаңыз.

Ұлттық аккредитация

27-ші тамыз бен 30 тамыз аралығында ШЖҚ «№ 11 қалалық емхана» МКК-да денсаулық сақтау жүйесіндегі медициналық қызметтердің сапасын бақылау мақсатында ұлттық аккредитация өтті.

Сыртқы кешенді жан-жақты бағалау нәтижелерін растау немесе нақтылау үшін, бағалау Қазақстан Республикасының ұлттық хаттамалары шеңберінде орындалған құжаттар мен өңдеу процесстерін талдау негізінде жүргізілді.

Аккредитациялау процедурасы кезінде директор Сагандыков Ж.К. басқарған емхана ұжымы, орынбасарлары мен сарапшылары көрсетілетін медициналық қызметтердің халыққа медициналық көмек пен медициналық қызмет көрсететіндердің денсаулық сақтау саласындағы белгіленген талаптар мен стандарттарға сәйкестігін қорғады.

«№ 11 қалалық емхана» ұжымын аккредитациядан сәтті өтуімен және 2 санатты иеленуімен құттықтаймыз.

Емхананың ұжымына алдағы уақытта одан әрі сапалы және жемісті жұмыс, кәсіби өсу және дағдылар мен қабілеттерді дамытуды тілейміз.