хабарландыру

Құрметті пациенттер! «№11 қалалық емханада» Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесі 28 мекен жайы бойынша  Жедел респираторлы вирустық инфекцияның (ЖРВИ) белгілері бар және дене температурасы жоғары болған жүкті әйелдерді қабылдайтынын хабарлайды. Қабылдау 8.00-ден 18.00-ге дейін жүргізіледі. Анықтама нөмірі 36-07-62, 109

«Босануға дайындық мектебі»

2020 жылдың 26 тамызында ШЖҚ «№ 11 қалалық емхананың» МКҚ-де «Босануға дайындық мектебінде» жүктілігіне 40 апта болған әйелге акушер Р.К.Есимова «Жалған толғақ. Босанудың белгілері. Іштің төмен түсуі» және психолог Г.Ә.Курмангужина «Босанудың алдындағы қорқышышты алдын-алу» тақырыбы бойынша жеке сабақ өткізді. Әңгімелесу барысында, перзентханаға уақытында бару жөнінде.
Босану кезіндегі тыныс алу техникасы, босану кезіндегі әрекеттері жайында талқыланды. Психо-профилактикалық жұмыс жүргізілді.

мәжіліс залында құқықтық мәселелер бойынша кеңес өткізілді

2020 жылдың 24 тамызында Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы мерекесіне орай «№ 11 қалалық емханасының» мәжіліс залында құқықтық мәселелер бойынша кеңес өткізілді. Кеңес емхана қызметкерлеріне «Денсаулық сақтау жүйесіндегі қоғамдық денсаулық сақтау туралы жаңартылған кодексті Қазақстан Республикасының конституциясымен байланысын талқылау» тақырыбында құқықтық кеңес өтізілді. Бұл кеңесті емхананың заңгері Кожахметова А.Н. жүргізді. Міндетті Әлеуметтік медициналық сақтандыру, халықты ерікті тіркеу, иммундау, өсіп келе жатқан халықтың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселелері және басқа да мәселелер талқыланды. Бұл іс-шара сәтті өтті және емхана қызметкерлері үшін пайдалы кеңес болды.

емхананың тіркелуінде тұрған - ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға сыйлықтар ұсынылды.

2020 жылдың 24 тамыз күні «1 қыркүйек - Білім күні» мерекесіне орай «№ 11 қалалық емханада» «Ақниет» жеке қайырымдылық қорының атынын қамқоршылар кеңесінің төрағасы Б.М. Бисембаеваның қолдауымен бірлесіп, емхананың тіркелуінде тұрған - ерекше қамқорлықты қажет ететін балаларға сыйлықтар (рюкзактар, кеңсе тауарлары) ұсынылды.

Емхана директоры Сагандыков Ж.К. балалар мен ата-аналарды шын жүректен құттықтап барлық ізгі тілектерін білдірді. Оларға зор денсаулық және оқуда озат болуларын тіледі.

қызметкерлердің бірінші сыныпқа баратын балалары үшін «1 қыркүйек - білім күні» мерекесіне орай оқушыларға рюкзактар мен оқу құралдары таратылды

2020 жылдың 24 тамыз күні ШЖҚ «№11 қалалық емхананың» МКК-нің кәсіподақ комитетінің қолдауымен қызметкерлердің бірінші сыныпқа баратын балалары үшін «1 қыркүйек - білім күні» мерекесіне орай оқушыларға рюкзактар мен оқу құралдары таратылды. Емхана директоры Сагандыков Ж.К. балалар мен ата-аналарды келе жатқан білім күні мерекесімен құттықтады.
Құрметті балалар! Сіздерді жарқын да қуанышты, айтулы мереке – Білім күнімен құттықтаймын!
1 қыркүйек барша халықтың дәстүрлі мерекесі! Әрбір адамның өміріне ерекше әсер қалдыратын бұл күн еліміздің барлық тұрғындарының басын біріктіреді. Мектеп табалдырығын аттауға асыққан бірінші сынып оқушылары, өзі армандаған мамандыққа қол жеткізіңіздер.
Білім беру мекемелерінің педагогтары мен жетекшілері бүгін, яғни 1 қыркүйек күні білім қабырғаларын аттағалы тұрған оқушылар мен тәрбиеленушілерді қарсы алады, бұл күн тек атаулы мереке ғана емес, бұл біздің еліміздің болашағы тәуелді болған қызу қайнаған, жауапты кезеңнің бастамасы. Ақ жол тілеймін!