Құрметті әріптестер!!! Қымбатты достар!

Құрметті әріптестер!!! Қымбатты достар!

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКҚ-ің директоры Ж.К.Сагандыков емхананың ұжымын және емханаға тіркелген халықты «КР Конституциясы күнімен» құттықтайды.Сіздерді шын жүректен Конституция күнімен құттықтаймын!
Қоғамның өркендеуіне қарқын қосып, Қазақстан халқының бірлігіне жол бастаған Ата Заңда бекітілген республикамыздың тұғырлы қағидаттары бүгінде өзінің өміршеңдігін дәлелдеді. Қазақстан халықаралық қоғамдастықта лайықты орын алып, биік белеске көтерілгені осының айғағы. Әрбір қазақстандық келешекке керуен тартқан мемлекетіміздің тұрақты дамуының кепілі Конституцияның мемлекет пен қоғам үшін ғана емес, өзінің жеке басы мен отбасы үшін де маңыздылығын терең сезінеді. Жылдан жылға біздің басты құндылықтарымыз – Тәуелсіздігіміз, Келісім мен Бірлігіміз нығая берсін. Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тілеймін. Ел іргесі аман, келешегіміз кемел болсын!

қарамағымыздағы қарт тұрғындарымыз бен денсаулығынан жастай айырылған пациенттің отбасына Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай азық-түлік себеті түрінде әлеуметтік көмек көрсетілд

2020 жылдың 28-ші тамыз күні «№11 қалалық емхананың» директоры Ж.К.Сагандыковтың қолдауымен, әлеуметті-психологиялық қызметтің мамандары мен «БлагоДарюАстана» ҚҚ ынтымақтастығы бірлесіп қарамағымыздағы қарт тұрғындарымыз бен денсаулығынан жастай айырылған пациенттің отбасына Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай азық-түлік себеті түрінде әлеуметтік көмек көрсетілді.
«БлагоДарюАстана» қоғамдық қорының жетекшісіне Калыкова Жанна Амангелдіқызы мен еріктілерге біздің тұрғындарды қолдағаныңыз үшін алғысымызды білдіреміз, зор денсаулық пен игі іске сәттілік тілейміз!!!

емхана ұжымының балаларының суреттерінен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Қазақстан – менің отаным» тақырыбында көрме өтт

 2020 жылдың 28 тамызында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ШЖҚ «№ 11 қалалық емхана» МКҚ-де емхана ұжымының балаларының суреттерінен Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне орай «Қазақстан – менің отаным» тақырыбында көрме өтті.

Іс-шараның мақсаты: Қазақстан Республикасының жас ұрпағы негізгі ата заңды қастерлеп құрметтейді.

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізілді

2020 жылы 28 тамызда директор Ж.К.Сагандыковтың бастауымен  «№11 қалалық емхананың» ұжымы «Нұр-Отан» партиясы филиалы өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізілді. Іс-Шарада Сагандыков Ж.К. қонақтармен амандасып, ұжымды осы мерекемен шын жүректен құттықтады.
Сонымен қатар «Нұр-Отан» партиясы филиалы өкілдері Конституция күнімен, оқу жылының басталуы - Білім күнімен құттықтап «Абди» ЖШС сауда желісінің қолдауымен мектепке кеңсе тауарларын сатып алу үшін номиналы 10 000 теңге құрайтын сыйлық сертификаттарын «Нұр-Отан» партиясының мүшелерінің балаларына табыстады.

Сіздерге сәттілік, жеңістер және табысты оқу жылын тілейміз!

Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізілді

2020 жылы 28 тамызда «№11 қалалық емханада» Қазақстан Республикасының Конституция күнін мерекелеуге арналған іс-шара өткізілді. Емхананың заңгері Кожахметова А.Н. ұжымды осы мерекемен шын жүректен құттықтап «ҚР конституциясының тарихы» атты баяндамасын оқыды және қатысушылар сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Іс-шараның мақсаты: жастарды өз Отанының тарихын білуге талпындыру.