жүктіліктің ерте кезеңінде жүкті әйелдермен бастапқы психо-профилактикалық әңгіме өткізді

4 қыркүйекте ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-да психолог Аманова А.К. жүктіліктің ерте кезеңінде жүкті әйелдермен бастапқы психо-профилактикалық әңгіме өткізді.
Кеңес барысында, психолог жүктілік және оның жүктілік кезіндегі психо-эмоционалды жағдайға қалай әсер ететіндігі, әйелдің ана болуға психологиялық дайындығы және сәбиімен байланыс орнату туралы әңгімеледі. Жүктілік кезіндегі психологиялық тепе-теңдік пен үйлесімділікті сақтаудың маңыздылығы жайында кеңес берді.

«Мектепке жол» акциясы

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКҚ-де әлеуметтік-психологиялық қызмет мамандарының қатысуымен, «Ақниет» ҚҚ қолдауымен, «Мектепке жол» атты акциясы аясында ерекше назар аударуды қажет ететін балалары бар отбасыларға жаңа оқу жылына арналған оқу құралдарын тапсырылу жалғасуда.
Ата-аналар мен балалардың атынан емхана директоры Ж.Қ.Сағандықовқа және «Ақниет» жеке қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы Б.М.Бисембаеваға ықылас пен көңіл білдіріп және қамқорлық көрсеткені үшін шын жүректен алғысымызды білдіреміз! Сіздерге зор денсаулық пен сәттілік тілейміз!

Құрметті және қымбатты біздің емханаға тіркелген – жүктілікті жоспарлап жүрген және жүкті әйелдер

           Құрметті және қымбатты біздің емханаға тіркелген – жүктілікті жоспарлап жүрген және жүкті әйелдер!!!  
Сіздерді «№11 қалалық емханада»  Абылайхан даңғылы, 30, 2 қабат 223 кабинетте өтетін «Жас ана мектебі» және «Босануға дайындық мектебіне» шақырамыз. Сабақтар апта сайын, сейсенбі мен бейсенбіде 16:00-ден 18:00-ге дейін өткізіледі.

Сіздерден сабаққа алдын-ала өз акушерлеріңізге немесе психологтар арқылы жазылуларыңызды сұраймыз. Топта  санитарлы-эпидемиологиялық шаралар сақталуы тиіс. Топтар адам саны ең көбі 6 адамға дейін құрылады (қорғаныс құралдары, маскалар және әлеуметтік арақашықтық сақтау).

Құрметті пациенттер!

Құрметті пациенттер! ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКҚ әкімшілігі Сіздерді тұмаудан егу өткізілетіні туралы хабарлайды. Емханаға тіркелген төмендегі тұрғындар тегін егіле алады:
- созылмалы өкпе аурулары, жүрек және қан аурулары, онкологиялық аурулары, қант диабеті, бүйрек аурулары бар балалар және ересектер, әлсіз және жиі ауыратын пациенттер;
- жүкті әйелдер;
- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.
Егу мына мекен жайы бойынша жүргізіледі: Абылайхан даң. 30, 2-ші қабат, 212 бөлме.
Железнодорожный пос. Ж.Жабаев көш. 20, 104 бөлме. Алдын ала учаскелік дәрігердің тексеруінен өту керек.

Қазақстан республикасының президенті Қ. Тоқаевтың жолдауы

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан Республикасының Президенті Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы 2020 жылғы 1 қыркүйекте экономикалық және әлеуметтік мәселелер бойынша елді дамытудың маңызды негізгі мақсаттарын атап өтті.


            «№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Жаналык Карипуллович күн тәртібіндегі негізгі 7 модернизациялык қағидаты туралы түсінік берді.

Елбасы, жетекші бағыттардың бірі денсаулық сақтау саласында екенін, «дәрігердің жұмысын бағалау» қажеттігін нақтылап айтты. «Бірақ,  медицина қызметкерлері бір кездері мемлекеттің назарынан тыс болды. Әрине, дәрігер мамандығының маңыздылығын қаржылай қолдау қажет». Біз жүйелі негізінде медициналық қызметкерлерге берілетін жалақы өсірілуін қолдаймыз.

 Бұл денсаулық сақтау жүйесінің мамандары үшін айтарлықтай қолдау.

Республика Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудың тәсілдерін қайта қарау туралы айтты.

«Ол халықтың, оның ішінде ауыл тұрғындарына мобильді және анағұрылым қол жетімді болуы керек. Медицина мамандарының жеткілікті болуы үшін және шалғайдағы аймақтар үшін көлік медицинасын қалпына келтіруді қолдаймын».