хабарландыру!

Құрметті пациенттер! ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКҚ әкімшілігі Сіздерді тұмаудан егу өткізілетіні туралы хабарлайды. Емханаға тіркелген төмендегі тұрғындар тегін егіле алады:
- созылмалы өкпе аурулары, жүрек және қан аурулары, онкологиялық аурулары, қант диабеті, бүйрек аурулары бар балалар және ересектер, әлсіз және жиі ауыратын пациенттер;
- жүкті әйелдер;
- мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалар.
Егу мына мекен жайы бойынша жүргізіледі: Абылайхан даң. 30, 2-ші қабат, 212 бөлме.
Железнодорожный пос. Ж.Жабаев көш. 20, 104 бөлме. Алдын ала учаскелік дәрігердің тексеруінен өту керек.

Праймериз

«№11 қалалық емхананың» ұжымы сайлауалды науқаны кандидаттарымен танысып, оларға дауыс беру үшін «Праймериз» ақпараттық жүйесіне тіркелді. Әріптестер азаматтық жауапкершілік танытып, белсенді қатысуда. Қатысушылардың ұсынып жатқан бағдарламаларының арасында медициналық қызметкерлер үшін маңызды, мәселен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмысын жетілдіру, қызмет көрсетуді электронды форматқа көшіру, тұрғын үй бағдарламалары,
коммуналдық төлемдерді төмендету, қоғамдық көліктерде ақысыз жүру мүмкіндігі сынды ұсыныстарын айтып кетті.
Нұрсұлтан Әбішұлы атап көрсеткендей, праймериз – әлеуметтік саты. Бұл әрбір тұрғынға еліміздің, қаламыздың дамуына үлес қосып, ат салысуы үшін берілген мүмкіндік. Праймериз барысында алдағы ҚР Парламент мәжілісіне немесе мәслихат сайлауына партия тізімі жасақталады. Онлайн дауыс беру 1-3 қазан күндері өтеді.

алғашқы сәбиін күткен жүкті әйелдерге «Босануға дайындық мектебінде» сабақ өтті

16 қыркүйек күні 2020 жылы ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де жүктілігіне 33-36 апта болып, алғашқы сәбиін күткен жүкті әйелдерге «Босануға дайындық мектебінде» сабақ өтті.
Сабақтың тақырыбы: «Жүктіліктің үшінші триместрінің физиологиялық ерекшеліктері. Босануға дейінгі тамақтанудың маңыздылығы. Гигиена және жүкті әйелдің күн тәртібі» тақырыбында өтті. «Құрсақтағы сәбидің қозғалысына арналған тест» жайында таныстыру және үйрету өткізілді.
«Лотос қалыбында» гимнастика өткізілді, Кегель жаттығулары позитивті ойын түрінде болды, әйелдер көтеріңкі көңіл-күймен жаттығулар жасады.

ұжымындағы көпбалалы әріптестер арасында «дөңгелек үстел» өткізілді

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы 14 - 21 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апта өткізу жоспарлануда.

           14 қыркүйек күні «№11 қалалық емхана» ұжымындағы көпбалалы әріптестер арасында «дөңгелек үстел» өткізілді. «Дөңгелек үстел» өткізудің мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік саясатын жүзеге асыру. Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында оқушылар арасында келесі негізгі идеологияларды тарату бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді: отбасы - өмірдің мəні; берік отбасы – адамның сенімді тірегі; əрбір отбасы мемлекеттің қорғауында; ата-ананы құрметтеу – əрбір адамның қасиетті борышы; отбасын сақтау мен нығайтуға жұмсалған күш, құр бекер кеттпейді; құрмет – берік отбасының негізі; балалар алдындағы жауапкершілік – өз алдындағы жауапкершілік; отбасылық дəстүрлерді сақтау мен жастарға үйрету – аға буынның қасиетті борышы; жанұясыз адам – бұл тамырсыз, сабақсыз, жапырақсыз жəне жеміссіз ағаш. Бұл идеологиялардың өзектілігі адамгершілік құндылықтарды жəне отбасы мен неке кейіпін тарату, қазақстандық қоғамда отбасы мəртебесін арттыру қажеттілігіне байланыстырылды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емханасының» әкімшілігі «Eurofarma» дәріхана желісіне, тұрғындарға материалдық көмек көрсеткені үшін шынайы ризашылықтарын және үлкен алғысын білдіреді.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емханасының» әкімшілігі «Eurofarma» дәріхана желісіне, тұрғындарға материалдық көмек көрсеткені үшін шынайы ризашылықтарын және үлкен алғысын білдіреді.

Сіздің көмегіңіз - біздің қайырымдылықты дамытуға қосқан баға жетпес үлесіңіз және біздің тұрғындарымызға материалдық қолдау.
Жақсы істер назардан тыс қалмайды - олар көмек күткендерге шамның сәулесі сияқты жарқырайды. Сіздің қайырымды істеріңіз басқа жандар үшін үлгі екеніне сенімдіміз.
Мейіріміңіз бен жомарттығыңыз өзіңізге жүз есе оралсын. Сізге бар жақсылықты, денсаулық, бақ-береке және өмір жолыңызға жылулық тілеймін.