Нұр-Сұлтан қаласындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығы «№11 қалалық емханада» діни экстремизммен күрес тақырыбында медициналық қызметкерлерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Нұр-Сұлтан қаласындағы Дін мәселелерін зерттеу орталығы «№11 қалалық емханада» діни экстремизммен күрес тақырыбында медициналық қызметкерлерге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Шараның модераторы – А.Байбусинов., лектор – Откелбаев Б.
Лекцияға қатысушылар теріс діни ағымдардың зардабы туралы, Қазақстан Республикасында тыйым салынған ұйымдардың тізімімен таныстырылды. Жиылған қауымға дін мәселелері бойынша нақты ақпараттың сайттынан алуға кеңес берді. Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі жанында Дін мәселелерін зерттеу орталығыда жұмыс істейді. Деструктивті діни ағымдар қоғамдық қауіпсіздікке, неке және отбасы институтында, адам денсаулығына қатер төндіреді. Сол себепті де деструктивті діни ағымдардан сақ болуға шақырамыз!

«Әрбір отбасы мемлекеттің қорғауында» атты даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциялар өткізілді

14 қыркүйектен 21 қыркүйек аралығында өткен «№11 қалалық емханада» «Әрбір отбасы мемлекеттің қорғауында» атты даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған қайырымдылық акциялар өткізілді.
Іс-шараның мақсаты – отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік қамқорлық саясатын жүзеге асыру. Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында оқушылар арасында келесі негізгі идеологияларды тарату бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді: отбасы - өмірдің мəні; берік отбасы – адамның сенімді тірегі; əрбір отбасы мемлекеттің қорғауында; ата-ананы құрметтеу – əрбір адамның қасиетті борышы; отбасын сақтау мен нығайтуға жұмсалған күш, құр бекер кеттпейді; құрмет – берік отбасының негізі; балалар алдындағы жауапкершілік – өз алдындағы жауапкершілік; отбасылық дəстүрлерді сақтау мен жастарға үйрету – аға буынның қасиетті борышы; жанұясыз адам – бұл тамырсыз, сабақсыз, жапырақсыз жəне жеміссіз ағаш. Бұл идеологиялардың өзектілігі адамгершілік құндылықтарды жəне отбасы мен неке кейіпін тарату, қазақстандық қоғамда отбасы мəртебесін арттыру қажеттілігіне байланыстырылды.

«Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хатын провизорлық бөлімшенің дәрігері Сырлыбай Сымбат Асылбайқызына табыстады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхана» ШЖҚ МКК директоры Сагандыков Ж.К. «Nur Otan» партиясы Нұр-Сұлтан қаласы филиалының Төрағасы, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновтің атынан алғыс хатын провизорлық бөлімшенің дәрігері Сырлыбай Сымбат Асылбайқызына табыстады.

Бұл алғыс хат Covid-19 коронавирустық инфекциясы қарсы күресте еңбегі сіңген әрі қалтқысыз қызмет атқарған медициналық қызметкерлерге берілді. Ақ халатты дәрігерлер мен мейірбикелердің біліктілігі пандемиямен күресте көп көмегін тигізді деуге болады. Сонымен қатар алғыс хатпен қоса  «Қазақстан Республикасының КОНСТИТУЦИЯСЫ» кітабы да берілді.

Сырлыбай Сымбат Асылбайқызын марапатпен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, жұмысына табыс тілейміз! Еліміз аман, тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Назар аударыңыздар!!!

Назар аударыңыздар!!!
Жедел респираторлы вирустық инфекцияның белгілері бар болса (дене қызуының жоғарылауы, жөтел, тыныс алуының қиындығы, бас ауруы, жалпы әлсіздік) болса, онда емханадағы сүзгі бөлмеге қаралуларыңыздарды сұраймыз.
Ересектерге арналнан сүзгі бөлме - 121кабинет
Балалар сүзгі бөлмесі - 120кабинет
Жүкті әйелдерді қарайтын сүзгі бөлме - 119кабинет.

Отбасы – бақыт мекені

Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың Жарлығымен бекітілген Қазақстанда Отбасы күнін мерекелеу шеңберінде 2020 жылғы 14 - 21 қыркүйек аралығында «Отбасы – бақыт мекені» атты республикалық апта өткізу жоспарлануда.
18 қыркүйек күні «№11 қалалық емхана» ұжымындағы әріптестер арасында психологиялық пікірталас тренингі «дөңгелек үстел» түрінде пікір алмасу, ой бөлісу, сөз жарыстыру шеңберінде емхананың психологы Г.Ә.Курмангужина өткізді. «Дөңгелек үстел» өткізудің мақсаты – қоғамда отбасылық құндылықтарды насихаттау, отбасы мен балалар мүддесіне мемлекеттік саясатын жүзеге асыру. Сонымен бірге, білім беру ұйымдарында оқушылар арасында келесі негізгі идеологияларды тарату бойынша кең ауқымды түсіндіру жұмыстары жүргізілді: отбасы - өмірдің мəні; берік отбасы – адамның сенімді тірегі; əрбір отбасы мемлекеттің қорғауында; ата-ананы құрметтеу – əрбір адамның қасиетті борышы; отбасын сақтау мен нығайтуға жұмсалған күш, құр бекер кеттпейді; құрмет – берік отбасының негізі; балалар алдындағы жауапкершілік – өз алдындағы жауапкершілік; отбасылық дəстүрлерді сақтау мен жастарға үйрету – аға буынның қасиетті борышы; жанұясыз адам – бұл тамырсыз, сабақсыз, жапырақсыз жəне жеміссіз ағаш. Бұл идеологиялардың өзектілігі адамгершілік құндылықтарды жəне отбасы мен неке кейіпін тарату, қазақстандық қоғамда отбасы мəртебесін арттыру қажеттілігіне байланыстырылды.