Күн сайын әлеуметтік қызметкерлер медициналық-әлеуметтік көмек көрсетеді және мүгедектерге, жалғызбасты қарияларға, көп балалы аналарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ауыр сырқаттармен ауырған адамдарға моральдық-құқықтық қолдау ұйымдастыр

Күн сайын әлеуметтік қызметкерлер медициналық-әлеуметтік көмек көрсетеді және мүгедектерге, жалғызбасты қарияларға, көп балалы аналарға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, ауыр сырқаттармен ауырған адамдарға моральдық-құқықтық қолдау ұйымдастырады.

Әлеуметтік қызметтерге мұқтаж азаматтарға қажетті көмектің сипаты мен көлемін анықтайды, емдеу мекемелеріне емдеуге жатқызуға ықпал жасайды, халықты әлеуметтік қорғау органдарының стационарлық емес және стационарлық мекемелердің қабылдауына жәрдемдеседі.

Қосымша жеңілдіктер алу мәселелері бойынша кеңес береді, жағдайы төмен отбасыларымен жұмыс жүргізеді, оңалту іс - шараларының бағдарламасын әзірлейді, патронаждық медициналық медбикелермен бірлесіп әмбебап-прогрессивті модель (ӘПМ) шеңберінде патронаж және медициналық медбикелермен халық санағын жүргізеді.

Емханада аккредиттеу стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасуда

Емханада аккредиттеу стандарттарын енгізу жұмыстары жалғасуда. Клиникалық фармаколог-дәрігер А.А.Абдуаева және бас медбике З.И.Абдыкалыкова пациенттердің қауіпсіздігі жөніндегі мақсаттардың бірі болып табылатын жоғары қауіпті дәрі-дәрмектермен (ЖҚД) жұмыс істеу ережелері бойынша режимдік кабинеттердің трейсерін өткізді.
ЖҚД - бұл дұрыс қолданбаса, ауыр жанама әсерлер, тіпті өлім қаупін тудыратын дәрілер.

Бас медбике З.И.Абдыкалыкова мейірбикелердің практикалық дағдыларын симуляциялық жабдықта өңдеу бойынша практикалық сабақтар циклін бастады

Бас медбике З.И.Абдыкалыкова мейірбикелердің практикалық дағдыларын симуляциялық жабдықта өңдеу бойынша практикалық сабақтар циклін бастады. ОПС-на сәйкес дәрілік препараттарды парентеральді енгізу және веноздық қан алу техникасы мен ерекшеліктерін білу-медбикенің табысты кәсіби қызметінің кепілі.
Сабаққа пациенттің және медициналық персоналдың инфекциялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және пациентті сәйкестендіру мәселелері де енгізілді.
Біздің емханада процедураларды жүргізу кезінде, медбикенің жұмысын жеңілдету үшін, күрделі жағдайларда тамырларды табуға мүмкіндік бірегей аппараттың қолданылатынын атап өткім келеді. Құрылғы инфрақызыл сәуледе гемоглобиннің жұтылуына негізделген. Осының арқасында медбике тамырды тез таба алады!

Ана сүті–өмір есігін жаңа ашқан сәби үшін теңдесіз қорек. Ананың ақ сүтін ешбір сүт қоспасы алмастыра да алмайды

Ана сүті–өмір есігін жаңа ашқан сәби үшін теңдесіз қорек. Ананың ақ сүтін ешбір сүт қоспасы алмастыра да алмайды.
Ему кезінде баланың бүкіл ағзалары жұмыс істейді. Бастағы қан айналымы жақсарып, жақ сүйектері мен ауыз, ерін бұлшық еттері тез жетіледі. Оған ең алдымен уыз берілуі де ғажап. Өйткені, уыз құрамы сәбидің әл жинауына, тез ширауына қажетті витаминдерге өте бай. Бір қызығы, бала өскен сайын ана сүті құрамындағы қоректік заттар да қоса өзгеріп отырады.
Ана сүтінің құрамына баланың өміріне ең қажетті витаминдер, ақуыздар, майлар, микроэлементтер, ішектің қалыпты микрофлорын дамытатын әрі өсіретін бифидус заттары, көп тараған жұқпалы ауруларға қарсы иммуноглобулиндер бар.
Баланы көкірегімен емізу ана денсаулығына да пайдалы. Ол сүт безінің қатерлі ісікке (рак) шалдықпау қаупін, жатырдың қатерлі ісікке шалдықпауын 2 есе төмендетеді.

«Анасының сүті –баланың қорегі ғана емес, ол оның өмірі!»