қарт тұрғындарымызға «Дүниежүзілік қарттар күніне» орай емханаға шақырылды

2020 жылдың 1 қазан күні «№11 қалалық емхананың» директоры Ж.К.Сагандыковтың қолдауымен, директордың емдеу, алдын-алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Ильясова Э.Т. әлеуметтік-психологиялық қызметтің мамандары мен «БлагоДарюАстана» Қайырымдылық қорының ынтымақтастығы бірлесіп қарамағымыздағы қарт тұрғындарымызға «Дүниежүзілік қарттар күніне» орай емханаға шақырылып, Ильясова Э.Т. құттықтау сөздерін айтты, СӨС дәрігері Орынбасар Г.К. Вирусты ауруларды алдын-алу тақырыбында әңгіме айтылып, «Норбековтын методикасы» бойынша сауықтыру жаттығулары жүргізілді және әлеуметтік көмек ретінде азық-түлік себеті табысталды.

емхананың еңбегі сіңген қызметкерлерін «Халықаралық қарттар күнімен» құттықтай отырып естелік сыйлықтарын табыстады

«№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Ж.К. және кәсіподақ ұйымының төрағасы Рахимбаева С.Ж. емхананың еңбегі сіңген қызметкерлерін «Халықаралық қарттар күнімен» құттықтай отырып естелік сыйлықтарын табыстады.
Құрметті әріптестер! Сіздердің бойларыңыздағы өмірге деген шексіз белсенділік, ерік-жігер бүгінгі жастарға үлгі-өнеге болып табылады. Сіздердің көпшілігіңіз өз жастарыңызға қарамастан өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеуде белсенділік көрсетіп, еңбек етесіздер. Біз сіздердің бай тәжірибелеріңізді жоғары бағалаймыз. Бүгін ерен еңбектеріңіз бен шыдамдылық пен төзімділіктеріңізге алғыс білдіреміз. Сіздерге баянды бақыт, мәнді өмір, зор денсаулық пен амандық тілейміз, жақындарыңыздың өздеріңізге деген сарқылмас сүйікпеншілігі мен мақтаныш сезімі арта берсін. Қуанышты сәттеріңіз көп болсын!

Дүниежүзілік жүрек күні

Бүгін – Дүниежүзілік жүрек күні

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының мәліметінше, бұл атаулы күн әлемдегі жүрек-қантамыр ауруларының өсімімен байланысты қоғамдағы қауіпті түсінуге, сондай-ақ халықтың барлық тобында ишемиялық аурулар мен ми инсультына қатысты профилактикалық шараларды бастауға бағытталған. Жүрек-қантамыр аурулары және инсульттың пайда болуының қауіп факторлары жоғары қан қысымын, қандағы холестерин мен глюкоза деңгейін, темекі шегу, көкөністер мен жемістерді жеткілікті тұтынбау, артық салмақ, семіздік пен физикалық енжарлыққа алып келеді. Мамандардың айтуынша, созылмалы күйзеліс және мазасыздық жүрек-қантамыр ауруларының қоздырғышы саналады. Жүрек-қантамыр ауруларының дамуына әкелетін залалды өмір салты көбінесе бала жасында және жасөспірім кезеңде қалыптасады. Өсе келе жүрек-қантамыр ауруларының пайда болу қаупі арта береді. Сондықтан, профилактикалық әрекет етуді бала кезден бастау керек. Сондай-ақ, Гиппократ айтқандай, «гимнастика, дене жаттығулары, жаяу жүру, жұмысқа қабілетті, денсаулығын және толыққанды өмірін сақтап қалғысы келетін әр адамның күнделікті тұрмысына енуі керек». «Қазіргі заманда аурулар мен оларды дамытатын қауіп факторларын ерте анықтау үшін күйзеліспен күресіп, экологиялық нашар жағдайда денсаулықты сақтап қалу үшін тұрақты медициналық тексеруден өтетін денсаулық мәдениетін дамыту қажет», - дейді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы. Дүниежүзілік жүрек федерациясының деректері бойынша, салауатты өмір салтын ұстану, темекі шегуден арылу, дұрыс тамақтану және физикалық белсенді болу арқылы инфаркт және инсульттан болатын мерзімінен ерте өлім жағдайларының 80%-ының алдын алуға болады.

психолог Б.С.Нургожинаның жетекшілігімен емхана ұжымына коммуникативті дағдыларға тренинг жүргізілді

«№11 қалалық емхана» психолог Б.С.Нургожинаның жетекшілігімен емхана ұжымына коммуникативті дағдыларға тренинг жүргізілді. «Біздің өміріміздегі күйзелістер. Күйзелісті еңсеру жолдары» тақырыбында.
Мақсаты: медициналық қызметкерлерді стресс ұғымымен, оның белгілерімен таныстыру, адам өміріндегі стресстік факторларды зерттеу және олардың жағымсыз әсерін азайту жолдарын табу. Салауатты эгоизмді сезінудің маңыздылығын және ішкі көзқарас дағдыларын дамыта білу.

аптаның әр сейсенбі және сәрсенбі күндері сағат 16:00 ден 18:00 ге дейін «Босануға дайындық мектебінде» акушерлік сабақ өтеді.

«№11 қалалық емханада» аптаның әр сейсенбі және сәрсенбі күндері сағат 16:00 ден 18:00 ге дейін «Босануға дайындық мектебінде» акушерлік сабақ өтеді.

Жүктілігіне 35-36 апта болып, алғашқы сәбиін күткен жүкті әйелдерге «Босануға дайындық мектебінде» сабақ өтті.

Сабақтың тақырыбы: «Жүктіліктің үшінші триместрінің физиологиялық ерекшеліктері. Толғақтың нышаны. Босану туралы маңызды ақпараттар. Босануға дейінгі тамақтанудың маңыздылығы. Гигиена және жүкті әйелдің күн тәртібі» тақырыбында өтті. «Құрсақтағы сәбидің қозғалысына арналған тест» жайында таныстыру және үйрету өткізілді.

«Лотос қалыбында» гимнастика өткізілді, Кегель жаттығулары позитивті ойын түрінде болды, әйелдер көтеріңкі көңіл-күймен  жаттығулар жасады.