патронажды мейірбикесі Г.Ш.Бутабаева жаңа туылған баланың алғашқы күтімін жүзеге асырды

Железнодорожный кенті (40-шы станция), Жамбыл Жабаев көшесі 20, мекен жайында орналасқан «№11 қалалық емхананың» филиалының патронажды мейірбикесі Г.Ш.Бутабаева жаңа туылған баланың алғашқы күтімін жүзеге асырды. Ол жас анаға дұрыс емізу ережелерін үйретті. Жаңа туылған нәрестенің және ананың жағдайын бағалау.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де таңдау режимінде байқау кеңесінің отырысы өтті

2020 жылдың 13 қазан күні Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де таңдау режимінде байқау кеңесінің отырысы өтті. Бастамашы шақырушы болған директор Сагандыков Жаналык Карипуллович. Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

2020 жылғы Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-нің даму жоспарын түзету.

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-нің штат кестесіне өзгерістерді енгізу.

Бұл мәселелер бақылау кеңесінің төрағалары мен мүшелерімен келісіліп, бекітілді.  

психолог Нургожина Б.С. мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Біз бәріміз әр түрліміз және әр қайсысымыз ерекшеміз» атты психологиялық тренинг өткізілді

Железнодорожный кенті (40-шы станция), Жамбыл Жабаев көшесі 20, мекен жайында орналасқан «№11 қалалық емхананың» филиалында психолог Нургожина Б.С. мектеп жасындағы және мектеп жасына дейінгі балаларға арналған «Біз бәріміз әр түрліміз және әр қайсысымыз ерекшеміз» атты психологиялық тренинг өткізілді.

Мақсаты: балаларда коммуникативті және жеке бейімділігін дамыту, балалар арасындағы ынтымақтастық дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

-Балаларды топта бірлесіп жұмыс істеуге позитивті түрде қалыптастыру.

- Балаларда жанашырлық және уайымшылдық сезімдерін білдіре отырып, өзінің және басқа біреудің эмоционалды жағдайын түсіну қабілетін дамытуға ықпал ету;

- балаларда өзіне деген сенімділікті қалыптастыру;

- бұлшықеттегі кернеуін жоюға көмектеседі.

Құрметті пациенттер!

Құрметті пациенттер! Коронавирустық инфекцияның таралу қаупінің болдырмау мақсатында, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес ультрадыбыстық кабинет қабылдауы (УДЗ) Железнодорожный кентінде (40-станция) өтеді. Жамбыл Жабаева 20 мекен жайы бойынша.

«Баланың дұрыс даму бөлмесінің» мейірбикесі Г.Ш.Бутабаева жас аналарға «Баланы дұрыс және пайдалы тамақтандыру» тақырыбында кеңес өткізд

«№11 қалалық емханада» «Баланың дұрыс даму бөлмесінің» мейірбикесі Г.Ш.Бутабаева жас аналарға «Баланы дұрыс және пайдалы тамақтандыру» тақырыбында кеңес өткізді. Жасына сай дамуы жайында түсіндіріп, тағамды дұрыс дайындауды көрсетті. Әйел баланың денсаулығына жауапкершілікпен қарауы керек.