сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы аясында СӨС дәрігері Орынбасар Г.К

2020 жылдың 21 қазаны күні «№11 қалалық емханада» сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы аясында СӨС дәрігері Орынбасар Г.К. іс-шара өткізді. Іс-шара барысында сүт безі қатерлі ісігінің алдын-алу туралы ақпараттандыруды арттыру мақсатында
«Сүт безі қатерлі ісігі туралы нақты дәлелдер» тақырыбы бойынша викторина өткізілді.

бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Э.Т. Ильясова Жалпы тәжірибелік дәрігерлерге және орта медициналық қызметкерлерге кезекті қызметтік отырыс өтті

2020 жылдың 21 қазанында ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Э.Т. Ильясова Жалпы тәжірибелік дәрігерлерге және орта медициналық қызметкерлерге кезекті қызметтік отырыс өтті.
Жоспарлы кеңес емхананың алғыс білдірген пациенттерінің хаттарынан басталды. Әріптестер бір-бірін қолдап ризашылығын білдірді. Күн тәртібінде келесі мәселелер талқыланды:
скринингтік жоспарды іске асыру туралы;
науқастарды ауруханаға жоспарлы түрде жатқызу;
қатерлі ісік жөнінде КT, MРТ жүргізу және т.б. мәселелер.

бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Э.Т. Ильясова Жалпы тәжірибелік дәрігерлерге және орта медициналық қызметкерлерге оқыту семинарын өткізді

2020 жылдың 21 қазанында ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Э.Т. Ильясова Жалпы тәжірибелік дәрігерлерге және орта медициналық қызметкерлерге оқыту семинарын өткізді. Қарастырылған негізгі мәселелер:
коронавирустық инфекция бойынша нормативтік құжаттармен (бұйрықтармен, клиникалық хаттамамен) таныстыру.

бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Э.Т. Ильясова ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

2020 жылдың 20 қазанында ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-де бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Э.Т. Ильясова медициналық қызметкерлерге және Жалпы тәжірибелік дәрігерлерге Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына сәйкес және 2005 жылдың 13 сәуір айындағы №26 бұйрығына сәйкес Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы негізсіз жолдама, медициналық құжаттарды қолдан жасау үшін құжаттарды сапасыз рәсімдегені үшін жауапкершілік туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы аясында СӨС дәрігері Орынбасар Г.К. медициналық қызметкерлерге «Сүт безі обырын алдын-алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді

        2020 жылдың 17 қазаны күні «№11 қалалаық емханасында»  Сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы аясында СӨС дәрігері Орынбасар Г.К. медициналық қызметкерлерге «Сүт безі обырын алдын-алу шаралары» тақырыбында семинар өткізді.

 

Сүт безі обырын алдын алудың қарапайым және қолжетімді шаралары:

1. Өз салмағыңызды бақылауда ұстаңыз. Артық салмақ обырдың даму ықтималдығымен,оның ішінде сүт безі обыры, әсіресе менопауза басталғаннан кейін байланысты.

2. Физикалық белсенді болыңыз. Күніне кем дегенде 30 минут жаттығуларға уақыт бөліңіз және сүт безінің қатерлі ісігі төмендейді.