«Стоп туберкулез!»

2020 жылдың 24 қазан күні «№11 қалалық емхананың»
Железнодорожный кенті 40-шы Станция аймағы филиалында
тұрғындарға туберкулезге қарсы күрес «Стоп туберкулез!» науқаны
аясында СӨС дәрігері Орынбасар Г.Қ. туберкулез мәселелері бойынша ақпараттық-білім беру материалдарын таратумен ақпараттық түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

«Стоп туберкулез!»

2020 жылдың 24 қазан күні «№11 қалалық емхананың» Железнодорожный кенті 40-шы Станция аймағы филиалының тұрғындары туберкулезге қарсы күрес «Стоп туберкулез!» науқаны аясында флюротексеруден өтті. 

Әлеуметтік-психологиялық қызметтің 1 жылдық жұмысына орай 2019-2020 жылдардың әлеуметтік-психологиялық қызметінің жұмысының нәтижелері

Әлеуметтік-психологиялық қызметтің 1 жылдық жұмысына орай

2019-2020 жылдардың әлеуметтік-психологиялық қызметінің жұмысының нәтижелері.
 

2019 жылдан бастап «№11 қалалық емханадағы» әлеуметтік-психологиялық қызметтің белсенді жұмысында ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР - Махметова А.Х., Смагулова А.Х., Мелдеш Б.Г. университеттен кейінгі жас мамандар ПСИХОЛОГТАР - Нургожина Б.С., Аманова А.К., Қуатбекова З.З., Курмангужина Г.А., салауатты өмір салты дәрігері - Орынбасар Г.К.. - әлеуметтік-психологиялық жұмыс жетекшісі - Г.Х.Кумарова сынды мамандардың жаңартылған құрамы мен әлеуметтік-психологиялық қызметтің белсенді қызметінде жаңа серпін басталды.

Емхананың директоры Сагандыков Жаналык Карипуллович әлеуметтік-психологиялық қызметтің жас мамандарын және осы қызметті дамытуға тұрақты түрде, ерекше қолдау көрсетеді. БМСК деңгейінде инновациялық медициналық, әлеуметтік және психологиялық технологиялар мен тенденцияларды енгізу және ілгерілету бойынша бастамаларға қолдау көрсетіледі.

Сонымен қатар, бас дәрігердің ана мен бала өмірін қорғау жөніндегі орынбасары Татиева С.Ж., бас дәрігердің емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасары Ильясова Е.Т., сарапшылар Жусупов К.А., Акименко М.С., емхана кәсіподақ ұйымының төрағасы Рахимбаева С.Ж., мейірбике-ісі жөніндегі сарапшы Г.К. Шакимоваға алғысымызды білдіреміз. Директордың алдынғы уақытта қызмет атқарып кеткен орынбасары МҮсенов Е.Т. және алдын-алу бөлімінің бұрынғы бас медбикесі Г.А.Таушеваға шабыт, сенім және кәсіби шығармашылық дамуға деген үміт үшін, бәріне РАХМЕТ!

«Қамқорлық сыйлаймыз» атты әлеуметтік және қайырымдылық маусымдық науқан өткізілді

2020 жылдың 23 қазан күні «№11 қалалық емхананың» Железнодорожный кенті 40-шы станция филиалында «Қамқорлық сыйлаймыз» атты әлеуметтік және қайырымдылық маусымдық науқан өткізілді.
Ұжымның көмегімен жасалған емханаға қарасты мұқтаж тұрғындар үшін балаларға, ересектерге арналған заттар жиналды.
Бұл іс-шара заттарды толық таратқанға дейін бір апта бойы жалғасады. Қажет болса, осы мекен-жай бойынша емхананың әлеуметтік-психологиялық қызметіне жүгіне аласыздар.

Хабарландыру!

Хабарландыру!
Құрметті Железнодорожный кентінің тұрғындары, сіздерді 2020 жылдың 24 қазан күні Жамбыл Жабаев көшесі 20 мекен жайында сағат 11:00 ден 16:00 ге дейін флюорография сараптамасынан өтуге шақырамыз. Жеке басты куәландыратын құжаттың керектігін еске саламыз.