карантин талаптарын сақтау туралы 5-11 сынып аралығындағы оқушылармен және ата-аналармен Zoom платформасы арқылы алдын-ала жоспарланып жиналыс өткізілді

2020 жылдың 30 желтоқсан күні кешкі сағат 21:00-де «№11 қалалық емхананың» салауатты өмір салты дәрігері Орынбасар Г.К. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жасөспірімдер арасында келеңсіз жағдайлардың алдын алу бойынша, карантин талаптарын сақтау туралы 5-11 сынып аралығындағы оқушылармен және ата-аналармен Zoom платформасы арқылы алдын-ала жоспарланып жиналыс өткізілді. Орынбасар Г.К. жиналысты ашып, бүгінгі күн тәртібіндегі мәселелерге тоқталып өтті. Ата-аналар назарына мына төмендегі сөздерді жеткізді, яғни Жаңа жыл мерекесі қарсаңында мерекелік іс шаралардың өтуіне, жаңа жыл мерекесін қоғамдық орындарда тойламау, кафе, тойханаларда, жеке үйлерде, мейрамханаларда отырыстар ұйымдастыруға оқушыларға қатаң түрде тыйым салынатынын ескертті. Ішкі істер қызметкерлерімен бірге рейдтер ұйымдастырылатын айтып өтті. Әсіресе ата-аналар назарына оқушылар пиротехникалық заттарды қолданбауын, соңы орны толмас өкінішке апаратынын айтып өтті. Қысқы демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру туралы айтты. Оқушылардың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мақсатында Нұр-Сұлтан қаласындағы мұз қалашығына барып ашық аспан аясындағы мұз айдынына баруға, үйдің жанында орнатылған спорттық алаңдарда жаттығулар жасауға, үйлерінде қызықты кітаптарды оқуға кеңес берді. Жиналыс соңында ата-аналар тарапынан сұрақтар қойылып жауаптары алынды.

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің атынан қала әкімі А.С. Көлгінов «№11 қалалық емхананың» директоры Ж.Қ.Сағандықовты Алғыс хатымен марапаттады

2020 жыл бүкіл қазақ халқына және халықаралық қауымдастық үшін күрделі жыл болды, халықтың төзімділігін, шыдамдығын Covid-19 пандемиясы жағдайына дайындығына сынау жыл болды.
Қазақ елі мен барлық мемлекеттік органдардың басшылығы эпидемиямен күресте барлық қиындықтарды жеңе білді. Денсаулық сақтау ұйымдарының бірқатар басшылары 2020 жылы қосқан үлесі мен жемісті жұмысы үшін марапатталды. Осыған орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің атынан қала әкімі А.С. Көлгінов «№11 қалалық емхананың» директоры Ж.Қ.Сағандықовты Алғыс хатымен марапаттады.

Жаңа жыл қарсаңында емхана қызметкерлерінің жылдық есеп ретінде салтанатты жиналысы өтті

2020 жылдың 30 желтоқсан күні «№11 қалалық емханада» Жаңа жыл қарсаңында емхана қызметкерлерінің жылдық есеп ретінде салтанатты жиналысы өтті.
Емхананың дәстүрі бойынша жыл сайынғы «2020 жылдың үздік қызметкері» атты байқау өткізіліп, сертификаттар, марапаттау қағазы мен алғыс хаттар табысталды.
Барлықтарыңызды Жаңа 2021 жыл мерекесімен құттықтаймыз! Алдағы жылы және болашақта сіздерге зор денсаулық, табыс, отбасыларыңызға береке және бүкіл әлемде тыныштық болсын деп тілейміз.

№3 ЖТД бөлімінің меңгерушісі мен әлеуметтік-психологиялық жұмыстың қызметкерлері біздің емхананың ауыр науқасты пациенттің үйіне барып келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жеке гигиена құралдары мен тәттілерді тапсырды

2020 жылдың 30 желтоқсан күні «№11 қалалық емхананың» №3 ЖТД бөлімінің меңгерушісі Аргинбаева Сандуғаш Рысбековнаның қолдауы мен әлеуметтік-психологиялық жұмыстың қызметкерлері біздің емхананың ауыр науқасты пациенттің үйіне барып келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жеке гигиена құралдары мен тәттілерді тапсырды.

«№11 қалалық емхананың» қызметкерлерімен Мәслихат депутаттығына кандидаттардың онлайн кездесуі өтті

2020 жылдың 29 желтоқсан күні сағат 16:00-та «№11 қалалық емхананың» қызметкерлерімен Мәслихат депутаттығына кандидаттардың онлайн кездесуі өтті. «Нұр Отан» партиясының кандидаттарымен кездесу Zoom платформасында өтті.
Конференцияға денсаулық сақтаудың белсенді өкілдері қатысты. «Өркениет» филиалының төрағасының бірінші орынбасары Утебаева Мария Мухтарова және ЖШС «Эндохирургия клиникасының» бас атқарушы директоры Салтанат Дженалиева.
Біраз толғандырып жүрген сұрақтар қарастырылды: оның ішінде Емдеу іс-шара бөлмесі және оңалту бөлмелері Железнодорожный кенті, 40-станция Ж.Жабаев 20 мекен жайында орналасқан. Ол жерге мүмкіндігі шектеулі жандарға жету қиындыққа соғып тұрғаны туралы талқыланды.
Үміткерлер мәселені қарастырып, емхананы кеңейту және қосымша жаттығу терапиясы мен оңалту бөлмелерін кеңейту туралы шешім қабылдады.