«Алтын медициналық қор» номинациясы бойынша жұқпалы аурулар дәрігері Медетова Қоңыр Жұмаханқызы жеңіп алды. Жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 25 жылдан асады

«Алтын медициналық қор» номинациясы бойынша жұқпалы аурулар дәрігері Медетова Қоңыр Жұмаханқызы жеңіп алды. Жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 25 жылдан асады.
Бұл маман жеке және кәсіби қасиеттерімен ерекшеленеді, ол өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы мол қызметкер. Өзгелермен және әріптестермен өзара түсіністік жақсы қалыптасқан. Шынайы және ашық мінезді жақсы адам.
Пандемия кезінде Қоңыр Жұмашқызы өзін науқастарға жанқиярлықпен жауап беріп мұқият болды. Ол алтын әріпті дәрігер ретінде және өз ісінің маманы екенін көрсетті. Ұстамдылық, салмақтылық, шешімділік пен мақсаттылық - оның өмірдегі ұраны.

«Мейірімді жүректі мейірбике» - Матис Екатерина Борисовна №18 телімнің жалпы тәжірибелік дәрігердің мейірбикесі, жоғарғы санатты, еңбек өтілі 16 жыл, емханада 3 жыл қызмет атқарады

«Мейірімді жүректі мейірбике» - Матис Екатерина Борисовна №18 телімнің жалпы тәжірибелік дәрігердің мейірбикесі, жоғарғы санатты, еңбек өтілі 16 жыл, емханада 3 жыл қызмет атқарады. Осы уақыт ішінде ол өзін адал және жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Мейірімді, сезімтал және науқастарға мұқият қарайды. Мамандығына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықпен қарайды. Компьютерлік бағдарламаларда еркін меңгерген, тәртіптілік, ұқыпты, зерек, қиын жағдайда тапқыр әрекет танытады. Өзін-өзі бақылап, зейінін шоғырландыру қабілеті бар, науқастармен қарым-қатынасы өте жақсы. Өз ісінің білікті маманы.

Бейсенова Гульмира Алдабергенова - «Қаржы ханшайымы» атты номинацияның жеңімпазы атанды

Бейсенова Гульмира Алдабергенова - «Қаржы ханшайымы» атты номинацияның жеңімпазы атанды. Ол материалдық үстел бухгалтері болып қызмет атқарады. Жұмыс өтілі 10 жыл. Емханада ұзақ уақыт жұмыс істейді. Осы қызметкердің ерекше жеке қасиеттері:нақтылық, шыдамдылық, зейінділік, ұқыптылық, берілген жұмыс тапсырмаларына жылдам әрекет етеді, ұйымшылдық. Талдау қабілеттілігі мықты. Көпшіл, белсенді, ойлау қабілеті жақсы, өмірлік ұстанымы сынды қабылдай білу.

«Дәстүрді сақтаушы» номинациясы бойынша Рахымбаева Сәуле Жәлелқызы жеңімпаз атанды – ол емхананың кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қызмет атқарады

«Дәстүрді сақтаушы» номинациясы бойынша Рахымбаева Сәуле Жәлелқызы жеңімпаз атанды – ол емхананың кәсіподақ комитетінің төрағасы болып қызмет атқарады. Емханада ұзақ уақыт жұмыс істейді және маманның 34 жылдан астам жұмыс өтілі бар.
Жұмыс барысында барысында ол өзін адал, лауазымына лайықты, белсенді, шығармашыл, принципиалды адам ретінде көрсетті. Әрдайым жұмыс барысында алдыңғы қатардан табылады. Кәсіподақ жетекшісі ретінде ол қамқоршылық және қорғаушылық қасиетке ие болып ұжым қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетеді, іскерлік және мейірімді, әлеуметтік және психологиялық сау ахуал жасайды. Жұмыс тобын нығайтудың мотивациялық факторы ретінде, сонымен қатар әр қызметкердің кәсіби және жеке әлеуметін сауатты пайдалану арқылы кәсіподақ қозғалысын тиімді күшейтеді.

Жаңа жыл қарсаңында «№11 қалалық емханада» емхана қызметкерлерінің салтанатты жиналысы өтті

Жаңа жыл қарсаңында «№11 қалалық емханада» емхана қызметкерлерінің салтанатты жиналысы өтті. Емхананың дәстүрі бойынша жыл сайынғы 2020 жылдың үздік қызметкері байқауы - «Қаржы ханшайымы», «Дәстүрді сақтаушы», «Алтын қол дәрігері», «Алтын медициналық қор», «Медбике мейірімді жүрек» атты номинациялары бойынша өткізілді. Табысты және жемісті жетістіктері үшін олар 100 000 теңгенің номиналы бар сертификатымен марапатталды.
Біздің барлық қызметкерлерге өзін-өзі жетілдіру мен дамудың биік шыңына жете отырып, одан әрі кәсіби жетістіктер тілейміз. Әр отбасы үшін тілейтініміз денсаулық әл-ауқат, өркендеу, тұрақтылықты тілейміз.
Біздің пациенттерге денсаулық, бейбітшілік, жылулық және түсіністік тілейміз. Жаңа 2021 жыл жаңа бақытымен келсін!