Жаңа жылдық демалыста тамақтан уланудың алдын алу.

Жаңа жылдық демалыста тамақтан уланудың алдын алу.

Жұрт жаңа жыл мерекесін асыға күтеді. Корпоративтік, отбасылық отырыстар жиілейді. Тиісінше, мерекелік үстелдің мол, көз тартарлық болуын басты назарға аламыз. Алайда, егер абай болмаса, отырыс уланумен аяқталуы да ғажап емес. Адамдардың көбі бұған мән бермейді. Жалпы, тағамнан улану микробты және микробсыз болып бөлінетін, ластанған тағамдарды қолдану салдарынан пайда болатын, қарым-қатынас арқылы жұқпайтын ауру саналады. Әдетте, мереке күндері сауда нысандарында, аспаздық цехтарда көп мөлшерде кондитер өнімдерін дайындайды.

Құрметті достар! Жаңа 2021 жыл мерекесімен құттықтаймын!

Құрметті достар!
Жаңа 2021 жыл мерекесімен құттықтаймын!
Шын жүректен бақыт, денсаулық, әл-ауқат, гүлдену, барлық жақсы ниеттердің орындалуын тілейміз!
2021 жаңа жылда барлық өршіл үміттеріңізді жүзеге асыруға, жағымды тосын сыйлар мен жақсы көңіл-күйге жетулеріңізге тілектеспіз!
Сіздің ең қымбат армандарыңыз бен тілегіңіздің орындалуын және барлық сәттіліктерді тілеймін!
Сіздерге және сіздің отбасыңызға денсаулық, қуаныш және жақсы көңіл-күй әкелсін! Құрметпен 11 қалалық емхана директоры Сағандықов Ж. Қ.

«Алтын медициналық қор» номинациясы бойынша жұқпалы аурулар дәрігері Медетова Қоңыр Жұмаханқызы жеңіп алды. Жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 25 жылдан асады

«Алтын медициналық қор» номинациясы бойынша жұқпалы аурулар дәрігері Медетова Қоңыр Жұмаханқызы жеңіп алды. Жоғары санатты дәрігер, жұмыс өтілі 25 жылдан асады.
Бұл маман жеке және кәсіби қасиеттерімен ерекшеленеді, ол өз кәсібіне деген сүйіспеншілігі мен қызығушылығы мол қызметкер. Өзгелермен және әріптестермен өзара түсіністік жақсы қалыптасқан. Шынайы және ашық мінезді жақсы адам.
Пандемия кезінде Қоңыр Жұмашқызы өзін науқастарға жанқиярлықпен жауап беріп мұқият болды. Ол алтын әріпті дәрігер ретінде және өз ісінің маманы екенін көрсетті. Ұстамдылық, салмақтылық, шешімділік пен мақсаттылық - оның өмірдегі ұраны.

«Мейірімді жүректі мейірбике» - Матис Екатерина Борисовна №18 телімнің жалпы тәжірибелік дәрігердің мейірбикесі, жоғарғы санатты, еңбек өтілі 16 жыл, емханада 3 жыл қызмет атқарады

«Мейірімді жүректі мейірбике» - Матис Екатерина Борисовна №18 телімнің жалпы тәжірибелік дәрігердің мейірбикесі, жоғарғы санатты, еңбек өтілі 16 жыл, емханада 3 жыл қызмет атқарады. Осы уақыт ішінде ол өзін адал және жауапты қызметкер ретінде көрсетті. Мейірімді, сезімтал және науқастарға мұқият қарайды. Мамандығына деген сүйіспеншілік пен қызығушылықпен қарайды. Компьютерлік бағдарламаларда еркін меңгерген, тәртіптілік, ұқыпты, зерек, қиын жағдайда тапқыр әрекет танытады. Өзін-өзі бақылап, зейінін шоғырландыру қабілеті бар, науқастармен қарым-қатынасы өте жақсы. Өз ісінің білікті маманы.

Бейсенова Гульмира Алдабергенова - «Қаржы ханшайымы» атты номинацияның жеңімпазы атанды

Бейсенова Гульмира Алдабергенова - «Қаржы ханшайымы» атты номинацияның жеңімпазы атанды. Ол материалдық үстел бухгалтері болып қызмет атқарады. Жұмыс өтілі 10 жыл. Емханада ұзақ уақыт жұмыс істейді. Осы қызметкердің ерекше жеке қасиеттері:нақтылық, шыдамдылық, зейінділік, ұқыптылық, берілген жұмыс тапсырмаларына жылдам әрекет етеді, ұйымшылдық. Талдау қабілеттілігі мықты. Көпшіл, белсенді, ойлау қабілеті жақсы, өмірлік ұстанымы сынды қабылдай білу.