Бүгін емхана медбикелері аккредиттеу орталығы ұйымдастырған "Инъекция қауіпсіздігі. Стандартты сақтық шаралары" тақырыбындағы вебинарға қатысты

Бүгін емхана медбикелері аккредиттеу орталығы ұйымдастырған "Инъекция қауіпсіздігі. Стандартты сақтық шаралары" тақырыбындағы вебинарға қатысты. Вебинарда спикері- "UMC" корпоративтік қорының эпидемиологиялық бақылау департаментінің бас эпидемиологы, жоғары санатты эпидемиолог дәрігер, Ұлттық аккредиттеу бойынша сарапшы Агажаева Гаухар болды.

Семинар барысында сақтық шараларының стандарттары, инъекциялық препараттармен қауіпсіз жұмыс істеу ережелері талданды, сондай-ақ инъекция қауіпсіздігін қамтамасыз ету және өткір заттармен жұмыс істеу кезінде жарақаттардың алдын алу үшін маңызды ақпаратар берілді.

Ақпараттық және пайдалы шара ұйымдастырғаны үшін @accreditation_center -ге алғыс білдіреміз!

Жыл сайын біздің емхананың акушерлік-гинекологиялық бөлімшесіне көптеген жүкті әйелдер жүгінеді және әр жағдай дербес назарды қажет етеді

 

Жыл сайын біздің емхананың акушерлік-гинекологиялық бөлімшесіне көптеген жүкті әйелдер жүгінеді және әр жағдай дербес назарды қажет етеді. Медицина қызметкерлері әйелдің баланы мерзімді, аман-есен босануы үшін қажет нәрсенің бәрін жасауға дайын.

Жуырда акушер-гинеколог дәрігер Қ.С.Жанабекова әріптестеріне преэклампсия кезіндегі шұғыл көмек көрсету бойынша трейсер өткізді.

Преэклампсия-бұл зәрдегі ақуыздың пайда болуымен қатысты қан қысымының жоғарылауы. Кейбір жүкті әйелдерде преэклампсия артериялық гипертензиямен және өмірлік маңызды органдардың бірінің (бүйрек, жүрек, ми, плацента) функционалдық жеткіліксіздігінің белгілерімен көрінуі мүмкін. Әдетте, бұл жағдайда акушерлік асқыну агрессивті түрде жүреді.

ЖМҚ бөлімшесінің қызметкерлері медициналық университеттің студенттеріне BLS (Basic Life Support) бойынша практикалық сабақтар өткізді

ЖМҚ бөлімшесінің қызметкерлері медициналық университеттің студенттеріне BLS (Basic Life Support) бойынша практикалық сабақтар өткізді.

Сабақ барысында қатысушылар негізгі жүрек-өкпе реанимациясын орындауды және автоматты сыртқы дефибрилляторды пайдалануды, сондай-ақ тыныс алу жолдарының бітелуіне көмектесу дағдыларын меңгеруді үйренді.

Бүгін "№11 Қалалық емхана" базасында ересектер, балалар, сондай-ақ жүкті әйелдер арасында ЖРВИ алдын алу және емдеу бойынша учаскелік қызмет қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті

Бүгін "№11 Қалалық емхана" базасында ересектер, балалар, сондай-ақ жүкті әйелдер арасында ЖРВИ алдын алу және емдеу бойынша учаскелік қызмет қызметкерлеріне арналған оқыту семинары өтті.

Оқытуды ҚР ДСМ бас штаттан тыс инфекционисті Кошерова Бақыт Нұрғалиқызы және "МУА" КЕАҚ профессоры, ҚР ДСМ штаттан тыс балалар инфекционисті Баешева Динагүл Аяпбекқызы жүргізді.

Семинар барысында мамандар статистикалық көрсеткіштерді ұсынды, сондай-ақ дәрігерлермен тұмаудың клиникасы, диагностикалау және емдеу мәселелерін талқылады. Сонымен қатар, алдын алу шараларын сақтау қажеттілігі атап өтілді.

Емханада туберкулездің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілуде

Емханада туберкулездің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыс жүргізілуде: жүктілік бойынша есепке тұрған әйелдерге балаларды туберкулезге қарсы вакцинациялаудың артықшылықтары туралы слайд көрсетіле отырып ақпарат берілді, сондай-ақ, туберкулез белгілері және алдын алу әдістері туралы хабардар болу деңгейін зерттеу мақсатында келушілер арасында сауалнама жүргізілді.

Туберкулездің алдын алуда балалар мен жасөспірімдерді БЦЖ вакцинасымен иммундау, ауруды ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік беретін туберкулезге жаппай профилактикалық тексерулер маңызды рөл атқарады.

Егер сіз ағзаның қорғанысын әлсірететін факторлардан аулақ болсаңыз, өзіңізді және басқаларды туберкулез инфекциясынан қорғауға болады: тамақтану, еңбек, демалыс режимін сақтаңыз, таза ауада көбірек болыңыз, темекі шекпеңіз, алкогольді асыра пайдаланбаңыз, бөлмедегі тазалықты және жеке бас гигиенасын сақтаңыз!