«№11 қалалық емхана» ұжымы өз үлесін қосып, бүгінгі сайлауға учаскелік бақылаушылар болып үлесін қосуда

Елімізде болып жатқан өзекті мәселелер, қабылданып жатқан заңдармен, шешімдер өзгерістер еліміздің әр-бір азаматымен азаматшасын бей жәй қалдырмауы керек. Сайлауға әр бір Қазақстандық немқұрайлы қарамай бір кісідей ат салысуы тиіс. Халқымыздың әлеуметтік жағдайы білім, медицина, мәдениет, спорт т.б. салалары өркендеуіне еліміздің әр тұрғыны ат салысуы тиіс.
«№11 қалалық емхана» ұжымы өз үлесін қосып, бүгінгі сайлауға учаскелік бақылаушылар болып үлесін қосуда.

Құрметті отандастар!

Құрметті отандастар! Бүгін, яғни 10 қаңтар Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 07:00-де ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау басталды. Елордада барлығы 283 сайлау учаскесі жұмыс істейді. Ел тарихындағы маңызды оқиғаға барлықтарымыз атсалысып қатысайық ағайын.

«Азаматтық парызымды орындайық!»

Ауа-райыда Қазақстан қалаларына күн жайма шуақ жылы шырайымен қарасып тұр.

Естеріңізге сала кетейік, сайлау учаскелері 10 қаңтар күні 20:00-ге дейін жұмыс істейді. Белсенді сайлау құқығына ие Қазақстан азаматтары өз таңдауын жасай алады, яғни сайлау күні олар 18 жасқа толуы тиіс.

Қала тұрғындары дауыс беру үшін өз учаскесін онлайн-режимде ЖСН, тегін, атын, әкесінің атын және туған күнін не сайлаушы тіркелген нысанның (көше, үй) мекенжайын көрсете отырып, анықтай алады:

«№11 қалалық емхана» ұжымы да таң ертеңнен бастап отбасымен бірге, өз азаматтық борыштарын орындап, сайлауға қатысып өздері тіркелген сайлау учаскілерінен салем жолдауда

«№11 қалалық емхана» ұжымы да таң ертеңнен бастап отбасымен бірге, өз азаматтық борыштарын орындап, сайлауға қатысып өздері тіркелген сайлау учаскілерінен салем жолдауда.

қабылдауға келген егде жастағы тұрғындардың жарақаттарын алдын алу туралы салауатты өмір салты дәрігері Орынбасар Г.К. әлеуметтік-психологиялық қызметкерлермен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді

2021 жылдың 5 қаңтар күні «№11 қалалық емханада» қабылдауға келген егде жастағы тұрғындардың жарақаттарын алдын алу туралы салауатты өмір салты дәрігері Орынбасар Г.К. әлеуметтік-психологиялық қызметкерлермен бірге ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Қыс мезгіліндегі жарақаттанудың алдын алу
Көктайғақ кезінде зардап шеккіңіз келмесе, келесі ережелерді орындаңыз:
- Өзіңіздің аяқ киіміңізге көңіл аударыңыз:
- Аяқастына қараңыз, қауіпті жерлермен жүрмеңіз.
- Егер мұзды жерді айналып өту мүмкін болмаса, мұз үстімен шаңғышы сияқты қысқа адымдармен жүріңіз:
- Жолдың келесі бетке өтетін жерлерде абай болыңыз, асықпаңыз, жүгірмеңіз;
- Аяғыңызды тізеден бос ұстап, табаңыңызды нық төсеп жүріңіз;
- Қолды қалтаға салып жүру құлау қаупін ұлғайтады.
- Егер тайып кетсеңіз ауыр жарақат алмас үшін, жүрелеп отыра қалуға тырысыңыз.
- Құлаған кезде қатты соққы алмас үшін бүктетіліп, аунап түсуге тырысыңыз.
- Құлаған кезде қолыңыздағы заттың емес, өзіңіздің аман қалуыңызды ойлаңыз.
- Құлаған соң орныңыздан бірден көтерілмей, жарақат алмағаныңызға көз жеткізіп, жаныңыздағылардан көмек сұраңыз.
ЕСТЕ САҚТАҢЫЗ! Әсіресе арқамен құлау, шалқасынан құлау ең қауіпті болып табылады, себебі, осы кезде мидың шайқалуы мүмкін. Жарақат алған кезде міндетті түрде жедел жәрдем қызметіне хабарласу қажет.

Құрметті пациенттер!

Құрметті пациенттер! 2021 жылдың 5 қаңтар күнінен бастап емхананың оңалту бөлімі (реабилитация бөлмесі, физиотерапия және физикалық дене-шынықтырумен емдеу) «№11 қалалық емхананың» Ш.Құдайбердіұлы 28 мекен жайы бойынша орналасқан филиалында жұмыс істейді (телефон 57-52-59). Онда сіз сауықтыру мәселелеріне, жеке емдеу бағдарламаларына және тәжірибелі жоғарғы білікті мамандардың емдеу шараларының тиімділігіне жан-жақты емдік шараларын ала-аласыздар.

‼️Жұмыс кестесі:
Реабилитолог: 14:00 ден 18:00-ге дейін (дүйсенбі-жұма)
 Физиотерапия бөлмесі 8:00 ден 20:00-ге дейін (дүйсенбі-сенбі)
Физикалық дене-шынықтырумен емдеу бөлмесі 8:00 ден 16:00-ге дейін (дүйсенбі- сенбі)
Уқалау бөлмесі 8:00 ден 14:00-ге дейін (дүйсенбі-сенбі)