назар аударыныз!

Дені сау балалар - сау болашақтың кепілі!

«Дені сау балалар - сау болашақтың кепілі!»
Балалардың дұрыс дамуын бақылау бөлмесі - бұл аналар мен әкелер үшін нағыз мектеп, сіздерді онда білікті мамандар қабылдайды. Онда барлық ата-аналарға және балаларға сүйіспеншілікпен және түсіністікпен қарайды, сәбиіңіздің денсаулығына қатысты кез-келген сұраққа жауап береді, қажетті ұсыныстар береді және өмірлік қиын жағдайда көмектеседі.
Балалардың дұрыс дамуын бақылау бөлмесінде аналарға мынандай кеңес-сабақ беріледі:
-баланы омыраумен дұрыс емізу;
-баланың дұрыс күтімі туралы;
-физикалық дамуы бағаланады;
- тамақтануы бұзылған балаларға кеңес беіледі;
- төтенше жағдайларда өзін қалай ұстау керек туралы айтылады.

Бұл жерде аналар практикалық көмек те ала алады:

«№11 қалалық емханада» «Баланың дұрыс дамуы» бөлмесінің мейірбикесі Бутабаева Г.Ш. балалармен ойын түрінде «Көкеністердің пайдасы

«№11 қалалық емханада» «Баланың дұрыс дамуы» бөлмесінің  мейірбикесі Бутабаева Г.Ш. балалармен ойын түрінде «Көкеністердің пайдасы. Пайдалы тамақтану» тақырыбында кеңес беріп, «Бір, екі, үш – жинап бойға күш!» деген тақырыпқа ойын өткізді.

Ойын ойнау - бала өмірінде ерекше орын алады, ал мектепке дейінгі (мінезді қалыптастыру үшін өте қысқа, бірақ өте маңызды) жастағы ойынның үлкен маңызы бар.
Ойын, айна сияқты, кішкентай адамның ойлау барысын, оның қиялының, эмоционалды сферасының ерекшеліктерін бейнелейді, оның коммуникацияға, белсенділікке, өсуге арналған жан-жақты ішкі қажеттіліктерін көрсетеді. Балалар әрқашан ойнауға дайын, ал үлкендердің міндеті - ойын-сауық қана емес, сонымен қатар өмірлік мәселелерді шешуге үлес қосу.
Ойындар түрлері, мақсаттары, ұйымдастырылуы, мазмұны және басқа белгілері бойынша ерекшеленеді, бірақ олардың барлығы баланың жеке тұлғаны жан-жақты дамыту жүйесінің іргетасы болып табылатындығымен біріктіріледі.

«№11 қалалық емхананың» қызметкерлері ауыр халде жатқан науқас Ерболатова Дариғаның @help_dariga шетелде емделуге қолдауына қаражат жинауға қайырымдылық шарасына үлес қостып қатысты


«№11 қалалық емхананың» қызметкерлері ауыр халде жатқан науқас Ерболатова Дариғаның @help_dariga шетелде емделуге  қолдауына қаражат жинауға қайырымдылық шарасына үлес қостып  қатысты.

Егер сіз, қолдауға қатысқыңыз келсе, қайырымдылық ретінде қаржы жіберіп, осындай сөмкелерді сатып алсаңыздар болады немесе қаржылай жіберсеңізде болады.

Абзулдинова Лазат: пациенттің анасы.

Kaspi Gold: 5169 4931 1680 2102

немесе мына телефон номері бойынша: +7 777 674 28 01

Halyk Bank: 5522 0433 6207 7982

Qiwi кошелек: +7 777 674 28 01

COVID-19» коронавирусынан сақтану шаралары

COVID-19» коронавирусынан сақтану шаралары

Құрметті пациенттер!

 Сіздер келесі ережелерді сақтай отырып, өз денсаулықтарыңызды және жақындарыңызды қорғай аласыздар:

  • Қажеттілік болмаса үйіңізден шықпаңыз! Каратиндік жағдайдың талаптарын қатаң сақтаңыз! Аса қажет болған жағдайда сыртқа шықсаңыз (тамақ, дәрі-дәрмек алу үшін, медициналық көмек керек жағдайда), далаға шығар алдында медициналық маска, қолғап, жыл мезгіліне сәйкес жеңі ұзын жейде киіңіз.