емхана қызметкерлеріне «Эмоционалды сарқылу синдромының алдын алуы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді

2021 жылдық 28 қаңтар күні «№11 қалалық емхананың» психологы Аманова А.К. емхана қызметкерлеріне «Эмоционалды сарқылу синдромының алдын алуы» тақырыбында психологиялық тренинг өткізді.
Бұл іс-шараның мақсаты арт-терапияны қолдану арқылы ұжымдық көңіл-күйді өзгерту, эмоционалдық шаршауды жою және сарқылу синдромының алдын алу болды.

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Егерде сіздерде ЖРВИ, Пневмония, COVID-19 белгілері білінген жағдайда (қызуыңыз көтеріліп тұрса, әлсіздік сезінген болсаңыз, тамағыңыз қышып жөтел пайда болса) Абылайхан даңғылы 30, 120-ші кабинетке, телефон: 99-98-22 (емхананың сыртқы есігінен «Милана» гүл дүкені жағынан кіретін есіктен) мекен жайы бойынша орналасқан «Провизорлық бөлімшеге» барыңыздар немесе жедел медициналық көмекке жүгініңіз. Үйге дәрігер келіп қарап алғашқы көмек көрсетіп, сізден коронавирустық инфекцияға талдау алады.

Жұмыс уақыты. Демалыссыз сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін.

‼️Коронавирустық инфекцияны алдын-алу үшін қажетті шараларды ұстануға шақырамыз:

- қашықтықты сақтау;

- адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде кию;

- мекемеге кіру және шығу кезінде қолдарыңызды дезинфекциалық ерітіндімен залалсыздандырыңыздар.

Қосымша ақпарат алу үшін: 57-11-07, 109, 8-771-010-86-45 номерлеріне хабарласыңыздар. Провизорлық бөлімнің телефон номері: 99-98-22.

Жаңа туған сәбиі бар аналардың назарына! Емізу кезінде баланы дұрыс ұстаңыз, бұл өте маңызды!

Жаңа туған сәбиі бар аналардың назарына! Емізу кезінде баланы дұрыс ұстаңыз, бұл өте маңызды!

4-3-4 ережесі.   

4   1. Сәбидің басы мен денесі тік, бір жазықта ұстаңыз.

         2. Сәбидің бетін анасының кеудесіне қаратып, мұрны ұшының деңгейінде болу керек.

         3. Сәбидің денесі анасының денесіне түйістірулі болу керек.

         4. Анасы тек мойны мен иығын ғана емес, сәбидің бүкіл денесін ұстап отырады.

3    1. Сәбидің ерніне емшектің ұшын тигізіңіз.

            2. Сәбидің аузын барынша ашқанын күтіңіз.

            3. Емшекті шез сәбидің аузына апарыңыз.

4     1. Сәбидің иегі емшекке тиіп тұрады.

          2. Сәбидің аузы барынша ашық.

          3. Астыңғы еріні сыртқа шығыңқы болады.

          4. Емшектің басым бөлігі астынан емес, үстіне көрініп тұру керек.

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Егерде сіздерде ЖРВИ, Пневмония, COVID-19 білінген жағдайда (қызуыңыз көтеріліп тұрса, әлсіздік сезінген болсаңыз, тамағыңыз қышып жөтел пайда болса) Абылайхан даңғылы 30, 120-ші кабинетке, телефон: 99-98-22 (емхананың сыртқы есігінен «Милана» гүл дүкені жағынан кіретін есіктен) мекен жайы бойынша орналасқан «Провизорлық бөлімшеге» барыңыздар немесе жедел медициналық көмекке жүгініңіз. Үйге дәрігер келіп қарап алғашқы көмек көрсетіп, сізден коронавирустық инфекцияға талдау алады.

Жұмыс уақыты. Демалыссыз сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін.

Ата-аналардың назарына!

Ата-аналардың назарына! «№11 қалалық емханада» аптасына бір рет сәрсенбі күні «Дені сау бала күні» өткізіледі. Балаларға медициналық көмекке қол жетімділікті арттыру мақсатында, балалар ауруының алдын-алу мақсатында дәрігеріңіздің жұмыс кестесіне «Дені сау бала күні» енгізілген.
Сонымен қатар емхананың профилактикалық бөлімі жұмыс істейді. Мұнда вакциналардың енгізу кабинеті, дәрігерге дейінгі кабинет және баланың дұрыс дамуын бақылау кабинеті өз қызметін көрсетеді.