әлеуметтік қызметкерлерімен Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күніне орайластырылған «Қатерлі ісіксіз өмір» атты Ұлттық бағдарламасы бойынша сауалнама жүргізілді

«№11 қалалық емхананың» әлеуметтік қызметкерлерімен Дүниежүзілік қатерлі ісікке қарсы күніне орайластырылған «Қатерлі ісіксіз өмір» атты Ұлттық бағдарламасы бойынша сауалнама жүргізілді. Емхананың 35 пациенті қамтылып сауалнамадан өтті. «Қатерлі ісікті алдын алу»  тақырыбы бойынша емханаға келіп дәлізде кезекте отырған кісілерге ақпараттық-түсіндіру буклеттері таратылды.

Коронавирустық инфекцияның алдын-алу шаралары

Коронавирустық инфекцияның алдын-алу шаралары

Қазақстан Республикасында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саулығын қамтамасыз ету мақсатында Сіздерден өз денсаулығыңызды сақтау мақсатында мынадай профилактика шараларын сақтауды сұраймыз:

-дене қызуын бақылау;

-үй-жайды күніне кемінде 2 рет желдету;

-күн сайын ылғалды жинауды жүргізу;

-қолды сабынмен жиі жуу;

-жеке ыдысты, жеке гигиена құралдарын (сүлгі, сабын, тіс пастасы, қырыну құралдары және т.б.) пайдалану;

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Ж.К. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгінов Алтай Сейдировичтың атынан емхананың №2 Жалпы тәжірибе бөлімінің аға мейіргері Мустафина Әсем Корабайқызына алғыс хатын табыстады

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің «№11 қалалық емхананың» директоры Сагандыков Ж.К. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Көлгінов Алтай Сейдировичтың атынан емхананың №2 Жалпы тәжірибе бөлімінің аға мейіргері Мустафина Әсем Корабайқызына алғыс хатын табыстады.

Бүгінде дәрігердің баға жетпес көмекшісі болып жүрген мейірбике қызметінің маңыздылығы ерекше мамандық.

Мейіргер ісі қызметінің даму үрдісі қазіргі заманғы денсаулық сақтау жүйесінде мейіргер ісі мамандарының рөлін айтарлықтай күшейткенін көрсетеді, ол, ең алдымен, мейіргерлер көмекші емес, ал дәрігердің тең құқылы, дербес мейірбикелік шешімді қабылдайтын, жоспарлайтын және дәлелді мейірбикелік күтімді жүзеге асыратын серіктесі болып табылады.

Ақ халатты абзал жандар, дәрігерлер мен мейірбикелердің біліктілігі пандемиямен күресте көп көмегін тигізді.

Марапатпен құттықтай отырып, деніне саулық, отбасына амандық, жұмысына табыс тілейміз!

Ерен еңбектеріңіздің жемісін көріп, ұлт саулығы жолында аянбай еңбек етіп, биік белестерді бағындыра беріңіз демекпіз.

Еліміз аман, тәуелсіздігіміз баянды болсын!

№3 Жалпы бөлім меңгерушісі Аргимбаева С.Р. қайырымдылық қордың қолдауымен және әлеуметтік-психологиялық қызметтің мамандарының бірлесуімен денсаулығынан жастай айырылған пациенттің отбасына гигиеналық құралмен әлеуметтік көмек көрсетілді

ШЖҚ «№11 қалалық  емхана» МКК-де №3 Жалпы бөлім  меңгерушісі Аргимбаева С.Р. қайырымдылық қордың қолдауымен және әлеуметтік-психологиялық қызметтің мамандарының бірлесуімен денсаулығынан жастай айырылған  пациенттің отбасына гигиеналық құралмен әлеуметтік көмек көрсетілді. Ерікті демеушілерге біздің тұрғындарды қолдағаны үшін алғысымызды білдіреміз.

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Құрметті «№11 қалалық емхананың» пациенттері!

Егерде сіздерде ЖРВИ, Пневмония, COVID-19 белгілері байқалған жағдайда (қызуыңыз көтеріліп тұрса, әлсіздік сезінген болсаңыз, тамағыңыз қышып жөтел пайда болса) Абылайхан даңғылы 30, 120-ші кабинетке, телефон: 99-98-22; ұялы телефон номері: 8 771 010 86 45  (емхананың сыртқы есігінен «Милана» гүл дүкені жағынан кіретін есіктен) мекен жайы бойынша орналасқан «Провизорлық бөлімшеге» барыңыздар немесе жедел медициналық көмекке жүгініңіз. Үйге дәрігер келіп қарап алғашқы көмек көрсетіп, сізден коронавирустық инфекцияға талдау алады.

Жұмыс уақыты. Демалыссыз сағат 08:00-ден 20:00-ге дейін.

‼️Коронавирустық инфекцияны алдын-алу үшін қажетті шараларды ұстануға шақырамыз:

- қашықтықты сақтау;

- адамдар көп жиналатын орындарға барғанда бетперде кию;

- мекемеге кіру және шығу кезінде қолдарыңызды дезинфекциалық ерітіндімен залалсыздандырыңыздар.

Қосымша ақпарат алу үшін: 57-11-07, 109, 8-771-010-86-45 номерлеріне хабарласыңыздар. Провизорлық бөлімнің телефон номері: 99-98-22