"Өзіне деген сенімділікті арттыру" тақырыбындағы психологиялық тренингі

"Өзіне деген сенімділікті арттыру" тақырыбындағы психологиялық тренингі.
Бұл тренингтің мақсаты- сенімді мінез-құлықты қалыптастыру, өзін-өзі тану дағдыларын жетілдіру және оның анықталмаған әлеуетін білу болып табылады.

Бүгін біздің емханада отбасы күніне арналған Ашық есік күні өтті

Бүгін біздің емханада отбасы күніне арналған Ашық есік күні өтті. Бұл іс - шараның басты мақсаты-қоғамның назарын отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтауға аудару. Ашық есік күні барысында невропатолог, кардиолог, СӨС дәрігерлерінің психологтың, әлеуметтік қызметкерлердің және скрининг кабинетінің қызметтері көрсетілді.
Бұдан басқа, СӨС дәрігері радиорубка арқылы отбасына, денсаулығына және салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру жөнінде ақпараттар оқыды.

Бүгін Профилактика бөлімшесінің қызметкерлері № 29 орта мектеп оқушыларына семинар-тренинг өткізді

Бүгін Профилактика бөлімшесінің қызметкерлері № 29 орта мектеп оқушыларына семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында СӨС дәрігері Г.К.Орынбасар "Жол-көлік оқиғалары мен тұмау/ЖРВИ алдын алу" бойынша дәріс оқыды және "Дауа"ЖДО координатор-дәрігері М.С.Алғазина жастар денсаулық орталығы бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, психолог мамандар М.А.Амангелдинова мен Г.Ж.Байсейтова: "Мен жасөспіріммін. Менің сезімдерім мен эмоцияларым. Ұялшақтық және өзіне деген сенімсіздік. Ашу, қорқыныш және агрессия. Олармен не істеу керек?» деген тақырыптар бойынша тренинг өткізді.
Аталған алдын алу шаралары оқушылардың өз денсаулығына және салауатты өмір салтына құндылық қатынасын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

ДДҰ-ның пациенттерді қорғау күніне арналған "Дәрігердің пациентпен қарым-қатынас жасаудағы коммуникативтік дағдылары, денсаулық сақтаудағы медиацияның "пациент-дәрігер" жанжалдарын шешу құралы ретінде" атты семинары

ДДҰ-ның пациенттерді қорғау күніне арналған "Дәрігердің пациентпен қарым-қатынас жасаудағы коммуникативтік дағдылары, денсаулық сақтаудағы медиацияның "пациент-дәрігер" жанжалдарын шешу құралы ретінде" атты семинары.
Семинарға АГ бөлімшесінің акушерлері және директордың ана мен бала өмірін қорғау жөніндегі орынбасары С.Ж.Татиева қатысты.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан халқының репродуктивті әлеуеті жөніндегі қауымдастықтардың республикалық альянсы болып табылады.

Эпидемиолог дәрігер Ж.К.Тащанованың №3 ЖТД учаскелік қызметі үшін "Иммунопрофилактика" бағдарламасы бойынша аттестаттауды жүргізе отырып өткізген оқытуы

Эпидемиолог дәрігер Ж.К.Тащанованың №3 ЖТД учаскелік қызметі үшін "Иммунопрофилактика" бағдарламасы бойынша аттестаттауды жүргізе отырып өткізген оқытуы.
Осы бағдарлама шеңберінде оқытудың міндеті- қызметкердің халықтың иммунопрофилактикасы бойынша білімді сапалы меңгеруі болып табылады.
Профилактикалық медицинаның бөлігі ретінде жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы денсаулық сақтауда сұранысқа ие болып қала береді, сондықтан жұқпалы аурулардың иммунопрофилактикасы бойынша қызметкерлерді даярлау өзекті мәселе болып табылады.