Бүгін біздің емхананың дәрігерлері мен әлеуметтік қызметкерлері сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы шеңберінде "Көпсалалы медициналық орталық" ШЖҚ МКК ұйымдастырған паллиативтік пациенттерге нутритивтік көмек көрсету бойынша семинарға қатысты

Бүгін біздің емхананың дәрігерлері мен әлеуметтік қызметкерлері сүт безі обыры туралы хабардар болу айлығы шеңберінде "Көпсалалы медициналық орталық" ШЖҚ МКК ұйымдастырған паллиативтік пациенттерге нутритивтік көмек көрсету бойынша семинарға қатысты.
Аталған іс-шарада балаларға паллиативтік көмектің ұйымдастырушылық үлгілері, халықаралық этикалық-құқықтық нормалар мен ауырсынуды басу бойынша мәселелер, сондай-ақ паллиативтік күтімді және паллиативтік көмекке мұқтаж пациенттерді қолдау мәселелері талқыланды.

"Өзіне деген сенімділікті арттыру" тақырыбындағы психологиялық тренингі

"Өзіне деген сенімділікті арттыру" тақырыбындағы психологиялық тренингі.
Бұл тренингтің мақсаты- сенімді мінез-құлықты қалыптастыру, өзін-өзі тану дағдыларын жетілдіру және оның анықталмаған әлеуетін білу болып табылады.

Бүгін біздің емханада отбасы күніне арналған Ашық есік күні өтті

Бүгін біздің емханада отбасы күніне арналған Ашық есік күні өтті. Бұл іс - шараның басты мақсаты-қоғамның назарын отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді сақтауға аудару. Ашық есік күні барысында невропатолог, кардиолог, СӨС дәрігерлерінің психологтың, әлеуметтік қызметкерлердің және скрининг кабинетінің қызметтері көрсетілді.
Бұдан басқа, СӨС дәрігері радиорубка арқылы отбасына, денсаулығына және салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастыру жөнінде ақпараттар оқыды.

Бүгін Профилактика бөлімшесінің қызметкерлері № 29 орта мектеп оқушыларына семинар-тренинг өткізді

Бүгін Профилактика бөлімшесінің қызметкерлері № 29 орта мектеп оқушыларына семинар-тренинг өткізді. Семинар барысында СӨС дәрігері Г.К.Орынбасар "Жол-көлік оқиғалары мен тұмау/ЖРВИ алдын алу" бойынша дәріс оқыды және "Дауа"ЖДО координатор-дәрігері М.С.Алғазина жастар денсаулық орталығы бойынша ақпарат берді. Сонымен қатар, психолог мамандар М.А.Амангелдинова мен Г.Ж.Байсейтова: "Мен жасөспіріммін. Менің сезімдерім мен эмоцияларым. Ұялшақтық және өзіне деген сенімсіздік. Ашу, қорқыныш және агрессия. Олармен не істеу керек?» деген тақырыптар бойынша тренинг өткізді.
Аталған алдын алу шаралары оқушылардың өз денсаулығына және салауатты өмір салтына құндылық қатынасын тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

ДДҰ-ның пациенттерді қорғау күніне арналған "Дәрігердің пациентпен қарым-қатынас жасаудағы коммуникативтік дағдылары, денсаулық сақтаудағы медиацияның "пациент-дәрігер" жанжалдарын шешу құралы ретінде" атты семинары

ДДҰ-ның пациенттерді қорғау күніне арналған "Дәрігердің пациентпен қарым-қатынас жасаудағы коммуникативтік дағдылары, денсаулық сақтаудағы медиацияның "пациент-дәрігер" жанжалдарын шешу құралы ретінде" атты семинары.
Семинарға АГ бөлімшесінің акушерлері және директордың ана мен бала өмірін қорғау жөніндегі орынбасары С.Ж.Татиева қатысты.
Аталған іс-шараның ұйымдастырушылары Қазақстан халқының репродуктивті әлеуеті жөніндегі қауымдастықтардың республикалық альянсы болып табылады.