Онлайн режимінде дәрісі оқылды

Онлайн режимінде ҚР ДСМ  штаттан тыс балалар инфекционисті, балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі АО “Астана медицина университеті”, м.ғ.д. Баешева Д.А. емхана дәрігерлеріне “Менингококкты инфекция, клиникасы, диагностикасы мен медициналық көмекті МСАК пен ЖМК кезеніңде көрсету” дәрісі оқылды. 

жалпы тәжірибелік дәрігер Т.С.Икабеков пен салауатты өмір салты дәрігері Г.Қ.Орынбасар Денсаулық мектебі: «Жүректің ишемиялық ауруы мектебінде», «Миокард инфарктісі кезіндегі жедел өз-өзіне көмек және өзара көмек көрсету шаралары

«№11 қалалық емханада» жалпы тәжірибелік дәрігер Т.С.Икабеков пен салауатты өмір салты дәрігері Г.Қ.Орынбасар Денсаулық мектебі: «Жүректің ишемиялық ауруы мектебінде», «Миокард инфарктісі кезіндегі жедел өз-өзіне көмек және өзара көмек көрсету шаралары. Жалпы жүрек-қан тамырлар ауруының қаупі (болжамдық мән және анықтау әдісі)», «Дұрыс тамақтану, тамақтану пирамидасы және порция мөлшері. Жүрек ауруының дамуын қалай болдырмауға болады».
Жүректің ишемиялық ауруы бар науқастарға арналған денсаулық мектебінің міндеттері: науқасқа жүрек-қантамыр жүйесі аурулары туралы мүмкіндігінше анық ақпарат беру. Науқастың денсаулығына қатысты белсенді позициясын қалыптастыру. Төтенше жағдайларда (гипертониялық криз, стенокардия ұстамасы) өзін-өзі бақылау, өз-өзіне көмектесу және өзара көмек көрсету әдістерін үйрету.
Әр науқасқа өмір салтын өзгерту және артериялық гипертензиямен ауыратын науқастың негізгі «8 ережесін» сақтау бойынша ұсыныстар берілді. Пациенттер мектеп тақырыбын талқылауға белсенді қатысып, сұрақтар қойды. Жалпы тәжірибелік дәрігер ЖИА мен гипертонияның алдын алу және дәрі-дәрмекпен емдеу негіздері бойынша жан-жақты жауаптар берді. Науқастар мектеп дәрігерлеріне алғыстарын білдірді.

Күнделікті жалпы тәжірибелік дәрігерлер, патронаж мейірбикелері мен әлеуметтік кызметкерлер,салауатты өмір салты дәрігері ата-аналар мен балаларға жарақаттанудың алдын алу жөнінде ақпарат береді

Күнделікті жалпы тәжірибелік дәрігерлер, патронаж мейірбикелері мен әлеуметтік кызметкерлер,салауатты өмір салты дәрігері ата-аналар мен балаларға жарақаттанудың алдын алу жөнінде ақпарат береді :
-Балаларды қараусыз қалдырмаңыз. - Баланың қолы жетететін жерлерге өткір заттарды, дәрі-дәрмектерді, тұрмыстық химикаттарды қоймаңыз. - Жазатайым оқиғаны болдырмау және баланың терезеден құлап кетуіне жол бермеу ережелері. - Кішкентай балаларға ұсақ заттарды ойнауға бермеңіз. - Кішкентай балаларды ашық от көздеріне газ плиталарына, каминдерге, пештерге жібермеңіз. - - - Балаларға қол жетімді жерлерде ыстық сұйықтық бар ыдыстарды қоймаңыз.

Балалар жарақаты – өзекті мәселе, ата-аналар балаларына дұрыс қараса, қауіпсіздік ережелеріне үйретсе, көптеген жарақаттардың алдын алуға болады.

дәрігер дабылдатқыш арқылы пациенттерге ақпарат айтып отырады

Құрметті «№11 қалалық емхана» пациенттері!

Құрметті «№11 қалалық емхана» пациенттері! Сіздерді Денсаулық мектебі «Жүректің ишемиялық ауруы мектебіне» келіп, «Жүрек талмасы (миокард) кезіндегі өз-өзіне және өзара көмек көрсетудің шұғыл шаралары» тақырыбы бойынша ақпарат алуға шақырамыз. Жалпы жүрек-қан тамырлар ауруы қаупі (болжамдық мәні және анықтау әдісі) жәнеде «Дұрыс тамақтану, тамақтану пирамидасы және порция мөлшері. Жүрек ауруының дамуын қалай болдырмауға болады» деген тақырыптарында ақпарат алуға шақырамыз.

Күні, уақыты және өтетін жеті: 21 маусым сағат 12:00 218 кабинетте