«Егде жастағылар клубы»

Зейнеткерлермен және олардың отбасы мүшелерімен сабақ өткізді. Соның негізінде тыныс алу элементтері мен релаксациялық гимнастика бойынша тренингтік жұмыстар жүргізілді. «Артериалдық гипертензия», «Қант диабеті» ауруларының алдын алу жөнінде әңгіме жүргізіліп, тағайындаулар бойынша кардиотренажерлерде жаттығулар жасалды. Соңынан брошюралар мен әдістемелік кітапшалар таратылды.  

Сенбілік өткізу туралы есеп

2017 жылғы 4 наурызда №11 емхананың қызметкерлері мекеме аумағында сенбілік өткізді.

Атқарылған жұмыстар көлемі:

Аумақтағы қарды жинау және шығару.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында қызметкерлерге арналған семинар өтті

15.02.2017 жылы ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК базасындамына мекенжай бойынша: Абылай хан даңғылы 30, Департамент маманы Әлия Шаихованың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру» тақырыбында қызметкерлерге арналған семинар өткізілді. 

Шара барысында сыбайлас жемқорлық қауіп-қатерлерінің себептері мен зардаптары түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекеттердің жаңа, яғни сыбайлас жемқорлықтың себептері мен жағдайларын жоюды барынша біріктіруге  екпін қойылатын кезеңі көрсетілді.  Өткізілген шараға «пара алма және берме» деген қағида басты түрткі болып табылды.

Семинардың соңында бейнероликтер көрсетілді және осындай шараларды көптеп өткізу жөнінде ұсыныс жасалды. 

Спартакиада-2017 өтті

Астана қ. Денсаулық сақтау басқармасы «Қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» ҚБ Астана филиалымен және Астана қаласы СӨС қалыптастыру орталығымен бірлесе отырып Спартакиада-2017 шеңберінде Астана қ. медициналық ұйымдар арасында жарыстар өткізді. Медицина ұйымдарының арасында біздің ШЖҚ № 11 МКК «Шаңғы жарысы» және «Конькимен жүгіру спорты» бойынша жарыстарға қатысты. «Сұңқар» деген атаумен сайысқа шыққан біздің емхана командасының қатысушылары: мейіргерлер Маржан Қонысбаева мен Абзал Қалманов «Конькимен жүгіру спортында», ал мейіргерлер Әсет Жанадилов пен Дильбар Абдурасилова «Шаңғы жарысында» бақ сынасты.