НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! «МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗ МӘРТЕБЕҢДІ АНЫҚТА!"

Еліміздің әрбір тұрғыны маусымның 30-ына дейін міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде өз мәртебесін анықтауы тиіс. Қазірден бастап өзіңіздің азаматтардың қай санатына жататыныңызды анықтап алыңыз.

Жарнаны сіз үшін кім төлейді: мемлекет пе, жұмыс беруші ме, әлде, өзіңіз бе?

Мәртебеңізді анықтау сол үшін қажет.

Егер адам сақтандырылмаса, шұғыл медициналық көмектен басқа, оған басқа жоспарлы көмек көрсетілмейді.

Халықаралық мейіргерлер күні

Мейіргерлерді Халықаралық мейіргерлер күнімен құттықтау. Грамоталар мен алғыс хаттар тапсыру. Мейіргерді естелік сыйлық тапсырумен құрметті еңбек демалысына шығарып салды.

Ұжымына жиналысы өтті

2017 жыл 11 мамыр күні сағат 15.00-де №11қалалық емханасында  Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын талқылау үшін ұжымына жиналысы өткізілді.

Жиналысымызға қалалық Маслихат депутаты, Онкология орталығының бас дәрігері  Толеутаев Мухтар Есенжанович қатысты.

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК ұжымы Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты жолдауын бір ауыздан қолдады. 

СОҒЫС АРДАГЕРЛЕРІ МЕН ТЫЛ АРДАГЕРЛЕРІН ҚҰТТЫҚТАУ

Соғыс ардагерлері мен тыл ардагерлерін үйде Жеңіс күні және Отан қорғаушылар күні мерекелерімен құттықтау. ҰОС ардагерлері В.Калинин 1924 жылғы. Ж.Каримов 1926 жылғы, тыл ардагері Е.Г.Губина 1918 жылғы.

«Біз салауатты өмір салты үшін» шарасы өтті

40-станциясында «Біз салауатты өмір салты үшін» шарасы ұйымдастырылып, оған емхана қызметкерлерімен бірге 40-станциясындағы №3 ЖТД науқастары белсене қатысты.

Бізбен бірге болыңыздар