«Танысу тренингі» тақырыбында тренинг өтті

«Танысу тренингі» тақырыбында тренинг өткізілді.

Тренингтің қатысушылары:

№ 11 ҚЕ жаңа қызметкерлері

1.Грановская Татьяна (маманд. бөлімш. мейіргері)

2.Сабит Бағила Сабитқызы (мектептік мейіргер)

Сенбілік 16.09.2017ж.

№ 11 емхана аумағына тіркелген жерлерде ұйымдастырылған сенбілікке сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін қатысты:

Абылай хан 30, № 11 қалалық емхана -  20 адам

Қоқыс шығару – 15 қап

Ағаш әктелді 16

Хабарландыру!

15 қыркүйектен бастап Астана қ. и»№11 қалалық емханада» тұрғындарды тіркеу науқаны басталды.

2017 жылғы 15 қыркүйектен 15 қарашаға дейінгі аралықта Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №281 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №11268 тіркелген) бекітілген және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2017 жылғы 7 тамыздағы №591 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №15604 тіркелген) бекітілген, ТМККК және МӘМС шеңберінде денсаулық сақтау субъектілеріне көсетілетін қызметті сатып алу ережелеріне сәйкес, бастауыш медициналық-санитарлық көмек ұйымына азаматтарды тіркеу Ережелеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бастауыш медициналық-санитарлық көмек көрсетуші (бұдан әрі – БМСК) денсаулық сақтау ұйымына азаматтарды тіркеу науқанының басталғаны туралы хабарлайды.

«Денсаулық фестивалі 2017» республикалық акциясы өтті

Бүгін Триатлон  саябағында «Денсаулық фестивалі 2017» республикалық акциясы өтті. Бұқаралық мәдени-спорт шаралары, соның ішінде флешмобтар, БМСК мамандарының профилактикалық тексеру акциялары  ұйымдарстырылды.  Аталмыш фестивальге Серік Сапиев, Бахтияр Артаев және басқа спортшылар қатысты.  Біздің №11  ҚЕ қызметкерлері осындай керемет және маңызды шараларға қатысуда белесенділік танытуда. 

«Мамандандырылған балалар үйі» МКК-де «Ашық есік күні» шарасы өтті

07.09.2017 жылы Астана қ. әкімдігінің «Мамандандырылған балалар үйі» МКК-де «Ашық есік күні» шарасы өткізіліп, оған Астана қаласы емдеу-профилактикалық мекемелерінің өкілдері, «Ана үйі» қоғамдық қорынан Ибраева Роза Садуқызы, сондай-ақ бала асырап алуға ниетті және мүдделі азаматтар қатысты.

Іс-шара барысында Балалар үйінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі заңгері О.А.Ионова мекеменің әлеуметтік қызметіне шолу жасады.