«Қазақстан Республикасындағы егілулерден бас тартқандар профилактикасы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті

Бүгін 23.09.2017 ж. біздің емханада «Қазақстан Республикасындағы егілулерден бас тартқандар профилактикасы» атты дөңгелек үстел отырысы өтті. (ҚР ДМ 03.06.17 ж., №395 бұйрығы). Ұйымдастырушылар: №11 ҚЕ ЖТД меңгерушілері және әлеуметтік-психологиялық көмек қызметі. Шақырылған қонақтар - Есенова Диана Бетханқызы, дін бойынша Халықаралық орталықтың бастығы, сондай-ақ Шантай Марал Мұратқызы – дін бойынша маман. Дін өкілі, "Төлебай" мешітінің бас имамы - Салимов Асхат, иммунолог- Митина Мария Степановна және егілулерден бас тартқан ата-аналар (пациенттер). Дөңгелек үстел отырысына біздің емхана қызметкерлері де қатысты. Жоба мақсаты тұрғындарды профилактикалық егілулермен қамту және ақпараттандыру.

Сенбілік 23. 09.2017 ж.

№11 қалалық емхана аумағындағы сенбілікке сағат 09.00-ден 12.00-ге дейін қатысу:

Абылай хан 30, № 11 қалалық емхана - 20 адам

Қоқыс шығару – 10 қап

Ағаштар әктелді - 10

40 станция, Железнодорожный к. - 15 адам

Қоқыс шығару  – 10 қап

Сауықтыру жаттығуларын өткізді

21.09.2017 ж. әлеуметтік-психологиялық қызмет емхана қызметкерлері және пациенттерді тартумен ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК дәлізінде сауықтыру жаттығуларын өткізді. Іс-шараның мақсаты қызметкерлерді салауатты өмір салтын қалыптастыруға дағдыландыру, барлық қатысушылар жақсы көңіл-күймен жұмыстарын жалғастырды. Емханадағы осы іс-шара 2 жылдан бері аптасына 2-3 рет тұрақты өткізіледі. Алдағы уақытта емхана пациенттерін осы шараға көптеп тарту жоспарланып отыр.   

«Австралия жауыны» тақырыбында тренинг өтті

20.09.2017 ж. Железнодорожный тұрғына алабындағы № 29 мектепте ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК-нің әлеуметтік-психологиялық қызметі «Австралия жауыны» тақырыбында тренинг өткізді.

Іс-шараның мақсаты: Жасөспірімдер арасындағы эмоционалдық ширығуларды болдырмау, ынтымақтасуды дамыту.

Мақсатты топ: жасөспірімдер (6-7 сынып оқушылары)

«Астана Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің өтуі барысында көрменің қатысушылары мен қонақтарына медициналық көмек көрсетуге белсене қатысты

«Астана Экспо-2017» Халықаралық мамандандырылған көрменің өтуі барысында «№11 қалалық емхана» көрменің қатысушылары мен қонақтарына медициналық көмек көрсетуге белсене қатысты.

2017 жылдың 20 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінде көрменің қорытындысы бойынша таңдаулы медицина қызметкерлерін марапаттау рәсімі өтті.

Біздің емхананың бас дәрігері Сағандықов Жаңалық Кариполлаұлы «Астана Экспо-2017» көрмесін қатысушылар мен қонақтарға сапалы медициналық қызмет көрсеткені үшін Алғыс хатпен марапатталды.