Бүгін Gaudeamus Халықаралық білім беру холдингінің өкілі Н.Т.Марханова жоғары медициналық білім алу рәсімі бойынша орта медициналық персоналға кеңес берді

Бүгін Gaudeamus Халықаралық білім беру холдингінің өкілі Н.Т.Марханова жоғары медициналық білім алу рәсімі бойынша орта медициналық персоналға кеңес берді. Кеңес беру біздің қызметкерлердің өтініші бойынша жүргізілді, өйткені олардың арасында мейірбике мәртебесін көтеру мақсатында өздерінің кәсіби деңгейін жоғарылатқысы келетіндер көп. Осы жылы емханамыздың медбикелердің 25 пайызы жоғарғы білім алады деп жоспарлануда.

Бүгін Ұлттық аккредиттеу орталығы сапа жөнінде форум өткізді. Аталған іс-шараға биыл Аккредиттеу стандарттарынан өткен Қазақстанның медициналық ұйымдары шақырылды

Бүгін Ұлттық аккредиттеу орталығы сапа жөнінде форум өткізді. Аталған іс-шараға биыл Аккредиттеу стандарттарынан өткен Қазақстанның медициналық ұйымдары шақырылды.

Біз де аталған шараға қатысып, көптен күткен Ұлттық аккредиттеудің бірінші санаты номинациясына ие болдық. Емханамыз осы жетістікке барлық медициналық қызметкерлердің күш-жігерінің арқасында қол жеткізді.

Өз сөзінде директор Ж.К.Сағандықов ұжымға және аккредиттеу орталығына көрсетілген әдістемелік көмек және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсартуға бағыттағаны үшін үлкен алғысын білдірді.

Сегодня в нашей поликлинике прошел «День открытых дверей», посвященный Международному дню семьи

Сегодня в нашей поликлинике прошел «День открытых дверей», посвященный Международному дню семьи.

В рамках данного мероприятия посетители получили консультации акушер-гинеколога, эндокринолога, психолога, а также детского невропатолога. Кроме того, в кабинете скрининга пациентам было измерено АГ, уровень сахара и холестерина в крови и раздавались ИОМ-ы по ЗОЖ.

Участники поблагодарили руководство поликлиники за организацию данного мероприятия.

Біздің емхананың қызметкерлері ерлер арасындағы шағын футбол турниріне қатысты

Біздің емхананың қызметкерлері AQNİET Қазақстандық салалық денсаулық сақтау қызметкерлері кәсіподағы мен ҚДС басқармасы ұйымдастырған ерлер арасындағы шағын футбол турниріне қатысты.
Аталған спорттық іс-шара Спартакиада-2023 шеңберінде және "Дені сау ұлт" ұлттық жобасын іске асыру аясында өткізілді.

Мектеп медбикесі М.С.Сатыбалдина "Темекі шегу мен есірткінің денсаулыққа әсері" тақырыбында сынып сағатын өткізді

 

Мектеп медбикесі М.С.Сатыбалдина "Темекі шегу мен есірткінің денсаулыққа әсері" тақырыбында сынып сағатын өткізді.

Бұл іс-шараның мақсаты - оқушылардың жаман әдеттер туралы білімдерін тереңдету және салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу.