«Дауа» жастар денсаулық орталығы

Құрметті пациенттер!

ШЖҚ «№ 11 қалалық емхана» МКҚ-де «Дауа» жастар денсаулық орталығы жұмыс жасайды.

                        Жастар денсаулық орталығы (ЖДО) – алғашқы медициналық-санитарлық көмектің (АМСК) құрылымдық бөлімшесі болып саналады, жасөспірімдер мен жастарға қызмет жасайды және емдеу-профилактикалық көмек көрсетеді.

ЖДО қызметтері 10 жастан 29 жасқа дейінгі жас санатындағы азаматтарға көрсетіледі.

ЖДО мақсаттары:

  • 10 мен 29 жасқа дейінгі жас санатындағы азаматтарға репродуктивті денсаулық мәселелері бойынша хабардарлығын арттыру;
  • Отбасын жоспарлау және жүктілікті жоспарлау;
  • АИТВ инфекциясын және жыныстық жолмен берілетін ауруларды алдын-алу;
  • Нашақорлықты алдын-алу;
  • Суицидті (өз-өзіне қол жұмсауды) алдын-алу;
  • Салауатты өмір салтын ұстануға тиімді түрде тәрбиелеу.

ЖДО міндеттері:

1.    Кеңес беруді, әлеуметтік-психологиялық медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз ету;
2.    Жасөспірімдерді салауатты өмір салты дағдыларын меңгеруге және ұстануға үйрету;
3.    Оқу-әдістемелік, ақпараттық материалдарды дайындау;
4.    Жасөспірімдер мен жастарға әлеуметтік-құқықтық қолдау көрсету;
5.    Салааралық және ведомствоаралық ынтымақтастық.
Орталықтың құрамында білікті және кәсіби мамандар қызмет атқарарады:
  1. Аға дәрігер-координатор (012/а кабинет күнделікті 09:00-17:00)
  2. Акушер-гинеколог (226 кабинет күнделікті 10:00-12:00),
  3. Уролог (217 кабинет күнделікті 08:00-11:00),
  4. Дерматовенеролог (221 кабинет күнделікті 8:00-10:00)
  5. Психолог (№112 кабинет күнделікті 8:00-18:00),
  6. Заңгер (012/б кабинет күнделікті 10:00-16:00),
  7. СӨС дәрігері (012/а кабинет күнделікті 09:00-17:00),
  8. Әлеуметтік қызметкер (в 013 кабинет 09:00-16:00)
«Жастар денсаулық орталығына жүгіну» және Сенім телефоны: +7(7172)27-23-55, 
+7(771-072-03-92),  Республикалық психологиялық сенім телефоны: 150

Қосалқы мердігерлік медициналық қызметтерді, оның ішінде қымбат тұратын қызметтерді алуға арналған пациенттің бағыты

МӘМС аясында компьютерлік томография мен МРТ қалай тегін жасауға болады? 

Сақтандырылған қазақстандықтар компьютерлік томографиядан, магниттік-резонанстық томографиядан және ультрадыбыстық зерттеуден тегін өте алады. Сондай-ақ, зерттеудің бұл түрлері әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттерге ТМККБК шеңберінде жүргізіледі.

Жұқпалы және паразиттік аурулар:

  • бауыр циррозынсыз созылмалы В, С және D вирустық гепатиті. Қанайналым жүйесінің аурулары;
  • артериалық гипертензия;
  • жүректің ишемиялық ауруы;
  • брахицефальды артериялардың экстракраниальды аурулары;
  • жүрек клапандарының зақымдануы;
  • аритмия;

Қан және қан өндіру органдарының аурулары:

  • VIII фактордың тұқым қуалайтын тапшылығы;
  • IX факторының тұқым қуалайтын тапшылығы;
  • Виллебранд ауруы;
  • басқа коагуляция факторларының тұқым қуалайтын жетіспеушілігі.

Тыныс алу органдарының аурулары:

  • төменгі тыныс жолдарының созылмалы аурулары;

Ас қорыту органдарының аурулары:

  • асқазан-ішек жолдарының жоғарғы бөлігінің аурулары;
  • инфекциялық емес энтерит және колит;
  • бауыр циррозы;
  • бауырдың уытты зақымдануы;
  • басқа айдарларда жіктелмеген бауыр жеткіліксіздігі;
  • басқа айдарларда жіктелмеген созылмалы гепатит;
  • бауырдың фиброзы және циррозы;

Сүйек-бұлшықет жүйесі мен дәнекер тін аурулары:

  • артропатиялар, дорсопатиялар;
  • дәнекер тінінің жүйелік зақымдануы

Эндокриндік жүйенің аурулары, тамақтанудың бұзылуы және метаболизмнің бұзылуы;

  • қант диабеті;
  • қалқанша безінің аурулары.

Жүйке жүйесінің аурулары:

  • эпилепсия;
  • церебралды паралич.

Несеп-жыныс жүйесінің аурулары:

  • гломерулярлық аурулар;
  • созылмалы интерстициальді нефрит;
  • қуық асты безінің гиперплазиясы;
  • сүт безінің қатерсіз ісігінің дисплазиясы;
  • әйел жыныс мүшелерінің қабынбайтын аурулары;

Перинаталдық кезеңде туындайтын жекелеген жай-күйлер:

  • перинаталдық кезеңде пайда болған бронхопульмональды дисплазия;

Туа біткен ауытқулар( даму кемістіктері), деформациялар және хромосомдық бұзылулар (балалар:

  • операциядан кейінгі кезеңде туа біткен жүрек ақаулары;
  • туылған ақаулар

Тексеруден өту үшін учаскелік жалпы тәжірибелі дәрігерден жолдама алу керек. Қызметті алғаннан кейін сақтандыру қорының төлем жүйесінде бірлесіп орындау шарты автоматты түрде қалыптастырылады.

КТ, МРТ және стоматология бойынша біздің мамандар мына ұйымдарға жібереді:

ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКҚ-ның Железнодорожный кенті (40-шы ст.), Жамбыл Жабаев көшесі 20 мекен-жайында орналасқан филиалына +7 (7172) 94-72-82, +7 707 197 58-28. (Стоматология) (ТМККБК және МӘМС).

«Ұлттық ғылыми Травматология және ортопедия орталығы» Нұр-Сұлтан қ,, Абылай хан даңғылы, № 15А үй мекен-жайында орналасқан. Тіркеушіден анықтау. (КТ, МРТ). Тел: Колл центр: +7(7172) 54-76-01.

ШЖҚ «№9 қалалық емхана» МКК мекен-жайы: Нұр-Сұлтан қ,, Мәнгілік Ел даңғылы, № 16/1 үй тексеруден от уақыты 08:00 ден 18:00 дейін. Тіркеушіден анықтау. (КТ, МРТ). Тел: +7(7172) 55-43-62.

«Национальный научный медицинский центр» г.Нур-Султан, пр.Абылайхана 42. С 09:00 до 17:00. (КТ, МРТ). Тел: Колл центр: +7 (7172) 57-74-40, +7 (7172) 57-76-64.

 «№2 Көпсалалы қалалық балалар ауруханасы» Нұр-Сұлтан қ., Р.Кошкарбаев көш. 64 үй (КТ). Балаларды тексеру 08:00 ден 17:00 дейін. Алдын ала жазылу бойынша. Тел: +7 (7172) 70-97-86, +7 (7172) 70-97-35.

АЕҚ «Ұлттық ғылыми кардиохирургия орталығы»  Нұр-Сұлтан, Туран даңғылы 38 үй. (КТ, МРТ). 7 жастан жоғары балаларды тексеру. Тел: +7 (7172) 70-31-08, колл центр: +7 (7172) 70-31-00.

ЖШС «Ата-Ана Мед» (клиника «Mediscan»).  Кенжебек Кумисбеков көшесі  зд. 12В. С 08:00 до 00:00. Тіркеушіден анықтау. (КТ, МРТ). 10 жастан жоғары балаларды тексеру. Тел: +7 (708) 333-20-20, +7 (7172) 73-47-59.