Тұңғыш Президент күнін атап өту қарсаңында

Тұңғыш Президент күнін атап өту қарсаңында ҚР Тұңғыш Президент- Елбасы музейіне экскурсия

Бүгін №11 қалалық емхана қызметкерлері үшін Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың музейіне экскурсия ұйымдастырылды. Тұңғыш Президент музейінде қазіргі заманғы Қазақстан үшін ерекше маңызға ие бірегей ғылыми еңбектерді, коллекциялық кітаптар мен марапаттарды көруге болады. Аталмыш іс-шара біздің еліміздің тарихындағы айтулы оқиғаларға және Тұңғыш Президенттің жүріп өткен өмір жолына көз жүгіртуге мүмкіндік берді. Осы экскурсияның нәтижесінде біздің қызметкерлер Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өміріндегі көптеген маңызды оқиғалармен танысып, Елбасының Қазақстан дамуына қосқан орасан зор үлесіне жаңаша көзқарас қалыптастырды. 

  • 01
  • 02
  • 03
  • 04
  • 05
  • 06
  • 07
  • 08
  • 09