«Өз денсаулығың – өз қолыңда» атты акция ұйымдастырылды

Бүгін №11 қалалық емханада, салауатты өмір салтын насихаттау және ауруды ерте кезінде анықтау мақсатында, Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау департаментімен бірлесе отырып «Өз денсаулығың – өз қолыңда» атты акция ұйымдастырылды. Барлық келушілер жалпы тәжірибе дәрігерінің, невропатологтың, дерматологтың кеңесін алып, қандағы холестерин мен глюкозаның деңгейін өлшетуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ қызметкерлер МӘМС бойынша ақпараттық-түсіндіру жұмысын белсенді жүргізуде.

  • IMG_7030
  • IMG_7034
  • IMG_7042
  • IMG_7050
  • IMG_7051
  • IMG_7052