Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні

Жыл сайын 10 қазанда Бүкіләлемдік психикалық денсаулық күні атап өтіледі. Бүгін №11 қалалық емханада қазіргі қоғамға позитивті көзқараспен қарайтын үйлесімді тұлға қалыптастыру, дара денсаулықты нығайту және салауатты өмір салтын құру мақсатында ашық есік күні өтті. Барлық ем қабылдаушылар психологтан және әлеуметтік қызметкерден кеңес алды.