Дәстүрлі «Жүректен-жүрекке» акциясы өтті

Бүгін  ШЖҚ «№11 қалалық емхана» МКК әкісмшілігі Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін және елорданың 20 жылдығын атап өту мақсатында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған дәстүрлі «Жүректен-жүрекке» акциясын ұйымдастырды.

Аталмыш іс-шара «Алматы» ауданы әкімінің және Астана қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қолдауымен өтті.

Емхананың бас дәрігері Жаналық Карипуллаұлы Сағандықов жиналғандарды аталмыш мерекемен құттықтап, әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ тіледі.

Акцияның мақсаты: мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоционалдық-саналық үйлесімділігін салауатты өмір салтын қалыптастыру арқылы дамыту, осы санаттағы балалар мен олардың отбасында жайлы моральдық-психологиялық орта қалыптастыру.

Осы мақсатта ұйымдастырылған іс-шара барысында 50 мүмкіндігі шектеулі балаға сыйлықтар таратылды. Концерттік бағдарлама аясында көңілді старттар, аниматорлардың қойылымдары, спортшылардың: футболшы, күресші, шахматшылар мен дойбышалрдың қатысуымен спорт жарыстары ұйымдастырылды.

Емханамызға тіркелген танымал әнші, талантты продюсер Қыдырәлі Нұртайұлы Болманов кішкентай пациенттерге әннен шашу шашса,  М-1 Challenge нұсқасы бойынша ережесіз жекпе-жектен Әлем чемпионы Дамир Исмагулов  балаларға шеберлік сыныбын өткізді.