Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесіне қатысты туралы жиналыс есебі

2018 жылдың 3 тамызында №11 қалалық емханада, «БЖЗҚ» АҚ Астана қаласындағы филиал өкілі Сагиева Ақмарал Сансызбайқызымен кездесу өтті.

Бұл іс-шара зейнетақы жүйесін жаңғырту бойынша ақпараттық-түсіндірме жұмыстары аясында өткізілді.

Қордың өкілі Сагиева А.С. зейнетақы жүйесіндегі соңғы өзгерістер туралы хабардар етті. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақы толығымен жұмыс өтіліне байланысты болатынын және зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы барлық өтініш түрлерін «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына бір өтініш арызымен тапсыруға және әйелдердің зейнеткерлік жасын көтеру қажеттілігі туралы түсіндіріп берді.

Салымшылардың зейнетақы жарналарын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі түрлі қаржы құралдарына инвестициялайды. «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 5-бабы 1-тармағына сәйкес, мемлекет алушыларға барлық  жарналар түрлеріне, зейнетақы төлемін алу құқығына ие болған сәттегі инфляция деңгейі есебімен нақты енгiзiлген жарналар мөлшерiнде сақталуына кепiлдiк бередi.

Қордың басты мақсаттарының бірі халыққа сапалы зейнетақы қызметтерін ұсыну болып табылады және зейнетақы жүйесін одан әрі жетілдіру. Әр-бір салымшыға, Қор, қашықтықтан және өзін-өзі басқару жүйелерін дамыту арқылы зейнетақы қызметтеріне әр-бір адамның тең қол жеткізуін қамтамасыз ету болып табылады. Барлық қызметтерді Қор тегін көрсетеді.

 Қордың ресми парақшасында «Электрондық қызмет» көрсету функциясы жұмыс жасайды. Аталған электрондық қызмет арқылы, салымшы кесте бойынша төлемге өтініш беріп және өтініш мәртебесін қадағалауға, ерікті зейнетақы жарналары есебінен, міндетті зейнетақы жарналары есебінен өтініш беруге, жеке зейнетақы шотын ашуға, қосымша деректемелерін өзгертуге мүмкіндік берілген. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін барып қызмет көрсету өтінішін беруге болады. Кез келген салымшы өзінің болжамды зейнетақы калькуляторы арқылы есептеуге болады.

Зейнетақы шотының жәй-күйі туралы білуге, бақылауға, және 8-777-000-1418 номері арқылы Whatsapp - тұтынушылармен өзара әрекеттесудің жаңа қашықтықтағы арнасы іске қосылған, оның ішінде шетелде тұратын салымшыларға да.

Сөз соңында Сагиева А.С. іс-шараға қатысушыларға қызығушылық танытқан барлық сұрақтарға жауап берді.